meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Ат туралы  ✍️


Басқа: 8
Мақал-мәтелдер жинағы: 181
Жұмбақтар жинағы: 24
Балаларға арналған тақпақтар: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 109
Жаңылтпаштар жинағы: 7
Қанатты сөздер жинағы: 19
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 28
Ертегілер жинағы: 3
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 4
Аңыздар жинағы: 20
Эсселер жинағы: 1

Жаман күшіктің атын
Бөрібасар қояр.
Ақылды ердің ішінде
Алтын ерлі ат жатар.
Ақылды жардың ішінде
Алтын айдар ұл жатар.
Алты жасар бала атқа мінсе,
Алпыстағы шал
Алдынан шығып атын ұстар.
Атың жаман болса,
Сатып құтыларсың,
Көршің жаман болса,
Қайтіп құтыларсың?
Жақсы ат — желіктіреді,
Жаман ат — зеріктіреді.
Ат — биеден,
Нар— түйеден.
Жорғаны жорға демесең
Жүрісі атқа жетпейді,
Жемін беріп демесең,
Жолға тастап кетпейді.
Аттың көркі — жал,
Адамның көркі — мал.
Атың болмаса,
Аяғыңа жалын,
Аяғың болмаса,
Таяғыңа жалын.
Атқа мінгеспе,
Мінгессең, үндеспе!
Жаман қой өршіл,
Жаман ат тершіл.
Жақсы ат аяғынан қалады,
Жақсы адам құлағынан қалады.
Жақсы кісі қартайса да,
Ақылынан танбас,
Жақсы ат қартайса да,
Жүрісінен танбас.
Асыққан жолаушы, атына теріс мінеді.
Барлық жылқының үштен бірі және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Басында неше жылқы..