meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Қыс туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 40
Жұмбақтар жинағы: 23
Балаларға арналған тақпақтар: 35
Ақын өлеңдері жинағы: 297
Жаңылтпаштар жинағы: 8
Қанатты сөздер жинағы: 7
Әңгімелер жинағы: 20
Ертегілер жинағы: 5
Шығармалар жинағы: 8
Аңыздар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 1

Тілегім
Қайғылы қыс қар, боранмен қорқытып,Жанға рақат жайнаған жаз бітпесе,Сылаңдаған алтын күнім тез өтіп,Қайғы-мұңмен жас төгер шақ жетпесе.Жасыл шешек..
©  Мағжан Жұмабаев
Қыс қамы
(Жұмаш айтқанынан)
Түн суып, жылы көрпе жамылып жатамыз. Таңертең суықтан қорынып, төсектен тұрғың келмейді. Апам да ертеңгілік тұрғанда..
©  Ахмет Байтұрсынұлы
Қыс түскенде өз бойымда жеңуге болмайтын жаз бар екенін түсіндім. 
©  Альберт Камю
Қыс
Ішімде де ақ боран,Сыртымда да ақ боран.Көңіл-бұлақ ақ табан,Ол да қатып тоқтаған.Үсіп өлді үмітім,бір жаз бойы сақтаған.Қарға батып дәрменім,Мұзға..
©  Оңайгүл Тұржан
Қыс
Қыс қандай әсем еді, қара, далам,Бір арман-ақ боз жеккен шана маған.Ағызып жұлдыздайынДүниеніңНе жетсін күніне бір аралаған.
Қар қандай!Қарып көзді..
©  Ғабиден Құлахмет
Алғашқы қар
Күзде иіні жұтағанҚыр көмілді ақ қарға.Майыстырып бұтағын,Ақ тон киді бақтар да.
Жылғалардан қақ көрдім,Жатыр шеті шетілмей.Дала жаңа..
©  Әнуарбек Дүйсенбиев
Оқыған азамат
I
Суық қыстың орта кезі. Күн түске тақап қалған. Аспанда бұлт жоқ, ашық. Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн бүгін жазғы түріне түскендей болып өзгеше..
©  Мұхтар Әуезов
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай —Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,Ықтырмамен күзеуде отырар бай.Кедейдің өзі..
©  Абай Құнанбаев
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап, келіп қалды.Дем алысы - үскірік..
©  Абай Құнанбаев
Қыс
Декабрь жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен..
©  Міржақып Дулатұлы
Қыстың күні
Күн күлмейді еркінше нұрын шашып,
Дамылсыз көк күмбезін бұлт басып.
Отыр міне қарт анам ойға шомып,
Таянып ұршығына, құты қашып.
Күн шығып, көп..
©  Мұқағали Мақатаев
Қыс келген күні
Тысқа шықсам,
Күн шыңылтыр, қар жауған.
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан,
Асып анау асқар-асқар таулардай,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.
Қыс..
©  Мұқағали Мақатаев
Қыстан жүдеп шыққан адамды әрлендіретін және қанша ішсе де тәбетін қайтармайтын қымыздың орнынан жүретін сусынды ойлап таба қою, сірә, қиын шығар.
©  Владимир Иванович Даль
Бір күні өлім келетінін мойындай білу керек. Мәңгілік көктемді армандауды доғарсаңыз, жаз бен қыс та бақыт сыйлайды.
©  Брюс Ли
Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпеді.
Қара шапаны үстінен
Алты ай бойы түспейді.

Жауабы: Қысқы ақ қар, жазғы қара жер
Түбі мықты жаралған сегіз батыр,
Баяғыдан соғысып келе жатыр.
Кезек-кезек соғысып, жатып-тұрып,
Кім жығары белгісіз түбінде ақыр.

Жауабы: Қыс..
Шана зырғып желетін,
Коньки, шаңғы тебетін.
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?

Жауабы: Қыс
Базардан бір текемет алдым сатып,
Алты айдай текеметте жүрдім жатып.
Бұл іске мен ғажайып болып тұрдым,
Қалды ғой алты айдан соң айран..
Басына биік таудың бітеді раң,
Жайлайды ол раңды екі түрлі аң.
Қолына өткір семсер қылыш алып,
Шығады аң аулауға салып ұран.
Ат мінген бұл екеуі..
Руымыз әнжан,
Атқа міндік алты адам,
Алтымыз да балуан,
Тұра қашты бір қоян,
Басып қалдық жалма-жан.
Басып тұрдық бесеуміз,
Бауыздадық..
Алтауы ала қасқыр, алтауы қара қасқыр,
Біріккен он екісі қара басқыр,
Жиылып бір тырнаны бәрі жеген,
Көрейік сол тырнаны жақындастыр,
Бір сирағы..
Алпыс аттың етін жер,
Жілігін шақпай майын ішер.

Жауабы: Алты ай қыс
Аспанда қаһарланған алты терек,
Ұясы алтауының бөлек-бөлек.

Жауабы: Алты ай қыс
Жолда кеткен ақ қоян,
Жолға қарап отырды.
Қарға менен құзғынды,
Ұйқыменен жоқ қылды.

Жауабы: Қыс
Жерде жоқ, көкте жоқ,
Бір әңгелектен әңгелек шығады.
Он екі бөлек,
Біреуі-ащы,
Біреуі-тұщы.

Жауабы: Он екі ай, жаз бен қыс