Ас туралы  ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 370
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 31
Жаңылтпаштар жинағы: 4
Қанатты сөздер жинағы: 23
Баталар жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 13
Ертегілер жинағы: 1

Алты күн аш болсаң да,
Атаңның әдетін тастама.
Жетерін білсең, жей тұр.
Ет жемей жатып тұздық,
Асатпай жатып, құлдық.
Қасық тары ботқа болмас,
Ботқа болса да, жұртқа болмас.
Ас ішсең, атауыңдай іш,
Ауырсаң мұрттай ұш.
Жазғы етте жасық жоқ,
Қымыз аста, қасық жоқ.
Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
Ертеңгі асты тастама,
Кешкі асқа қарама.
Айран сұрай келіпсің
Шелегіңді жасырма.
Бақыр қазан қайнаса,
Баршамызға несібе.
Мың «сіз, бізден»
Бір шыж-быж.
Ашаршылықта жеген құйқаның
Аузыңнан дәмі кетпес.
Қамыстың
Шоғы болмас,
Көк судың
Тоғы болмас.
Күн жазға айналды,
Ет азға айналды.
Пышағы бар, сүйгенін жер,
Пышағы жоқ, тигенін жер.
Балық жеген бағыспас,
Жан-жағына қағыспас.
Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа қарайды.
Ет дегенде бет бар ма?
Асы бар аяқтан аттама.
Сыйлап берсе, суын іш.
Ас – адамның арқауы.
Ас иесімен тәтті,
Табағымен жақсы.
Быламық бетінен сыйды,
Көже түбінен сыйды.
Қайғысыз, қара суға семіреді.
Сіңбес астың бөгеуі жаман.