meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Іс туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 180
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 53
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 131
Әңгімелер жинағы: 9
Эсселер жинағы: 2

Бабы келіскен істің бағы жанады.
Ісің ақ болса, құдайың жақ болар.
Сөзге мақұл,
Іске тақыл.
Асыққанның ісі шала.
Жорғаң қатты болса, бәске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.
Бала, баланың ісі шала.
Бұрынғы істің басында болмасаң,
Соңғы істің қасында бол.
Қарт келсе асқа,
Жас келсе іске.
Кімнің ісі көп болса,
Соның күші көп.
Тіліңе сүйенбе, күшіңе сүйен,
Күшіңе сүйенбе, ісіңе сүйен.
Тартынып үзген шабанның ісі,
Өткізіп алған жаманның ісі.
Айтқызған жаманның ісі,
Қамшылатқан шабанның ісі.
Айдап салдың малы өспес,
Алакелдің жұмысы бітпес.
Қайраты бар кісінің, берекеті бар ісінің,
Қайраты жоқ кісінің, берекеті жоқ ісінің.
Алғыр жігіт ақылына қарай іс қылар,
Олақ жігіт оңай жұмысты күш қылар.
Түсі келіспей, ісі келіспес.
Ісі кенеулінің - есімі елеулі.
Көрнекті іс көмілмейді.
Істің басы байлы болса,
Аяғы сайлы болады.
Біткен істің міні жоқ,
Бітірген ердің кемі жоқ.
Істің ағы білінбейді,
Жігіттің бағы білінбейді.
Ел дегенде езіліп,
Жұрт дегенде жұмылып істе.
Ердің ісі ел мойнында, елдің ісі ер мойнында.
Жігіттің түсін айтпа, ісін айт.