Ас туралы  ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 370
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 31
Жаңылтпаштар жинағы: 4
Қанатты сөздер жинағы: 23
Баталар жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 13
Ертегілер жинағы: 1

Аштың ақылы — астан әрі аспайды.
Асты шашқанды —
Әбілет басады.
Елде болса, ерінге тиеді.
Татулардың талқаны, таусылмас.
Қымызы бар үйдің қызығы бар.
Жатақты жатақ бозаға шақырады.
Бозасы таусылса, көжеге шақырады.
Сүйекті алып берген
Кісімнен көрейін бе?
Оны мүжи алмаған
Тісімнен көрейін бе?
Көженің көнеуі болса,
Қымыздың қызуы бар.
Тапқаным — тамағыма,
Жұтқаным — жұмырыма.
Қазансыз алтын ошақтан,
Қара су қайнатқан мосым артық.
Қаңыраған алтын ордадан
Қара көжеге тоятын қосым артық.
Қазан сапырғанның да буы бар.
Еңкейген екі асайды,
Еңсесі кеткен бір асайды.
Мешкей қазанның астына қарамай,
Үстіне қарайды.
Арықтың сорпасында
Дәм болмайды,
Ақылсыздың сөзінде
Мән болмайды.
Күйісің жаман болса,
Тән азады;
Көңілің жаман болса,
Жан азады.
Үйінде асы жоқтың
Түзінде досы жоқ.
Үйінде асы жоқтың
Көңілінің қошы жоқ.
Арықтың жілігі татымас.
Бассыз үй болса да,
Ассыз үй болмайды.
Табақ тамағымен жарасты,
Батыр жарағымен жарасты.
Тоқты сойған тоқалдар,
Шөміш алып қоқаңдар.
Екі жас,
Екі жасқа желке менен жөргем де ас.
Тамақ тоқ,
Көйлек көк.
Келеді екен деп көп қойдым,
Келмеген соң жеп қойдым.