Тамақ туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 254
Жұмбақтар жинағы: 10
Балаларға арналған тақпақтар: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 14
Жаңылтпаштар жинағы: 4
Қанатты сөздер жинағы: 30
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 1
Әңгімелер жинағы: 12
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Асы жоқ алтын аяқтан
Айраны бар, тостақ артық.
Талдырмаш таза айғырдан
Жүк көтергіш қоспақ артық.
Салулы ауыз
Сақтағаныңды жейді.
Қарның ашса, қазан ас,
Ет болмаса, сазан ас,
Сазан тамақ емес пе,
Сазанды жұрт жемес пе!?
Жайын құйрығын жеген — жатпас.
Қарны ашқан
Қараша үйге қабады.
Түскі асқа
Түстік жерден қонақ келеді.
Кешкі асқа
Күндік жерден қонақ келеді.
Бір ауылда бір үй аш болса,
Бар үй аш болады.
Аты бардың тынысы бар.
Асы бардың ырысы бар.
Беретін кісі келгенде,
Бес қайнайды қазаным;
Бермейтін кісі келгенде,
Көп қайнайды қазаным.
Аспаздың қарыны
Асқанына тояды.
Тоқшылықта жеген
Тоқпан жілік,
Ашаршылықта
Көзіңнен бір-бір ұшады.
Жаяудың сыбағасын
Атты жемес.
Ас — аз, ниет — көп
Отын — олжа,
Су — қорлық.
Өзі тоймағанның,
Сарқытын жеме.
Досыңның асын,
Қасыңдай іш.
Өзің жатық болсаң,
Ішкенің қатық болар;
Өзің қиық болсаң,
Ішкенің сұйық болар.
Етке тойсам,
Сорпаға иттігім жоқ.
Бір аштықтың, бір тоқтығы бар.
Жазым болса, быламыңқа тіс сынар.
Ашыққанға қазан астырма,
Тоңғанға от жақтырма.
Қомағайдың сазасы
Бір шұқым ет.
Ас үстінен аттама,
Астан үлкен емессің.
Бір аяқ қымыздың
Екі аяқ желі бар.