meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Ер туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 389
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 144
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 55
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 11
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 4
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 8
Эсселер жинағы: 4

Тоқтағұлға
Келдің бе, ақиығым, алыс жерден,Өтіпсің самғап ұшып асқар белден.«Алмас пышақ қап түбінде жатпас» деген,Хан-төре айналмай ма сендей..
©  Жамбыл Жабаев
Сыртанға
Қыдыралы, ҚұлшаннанҚұлаш ұрған Сырттайым!Жерді болжап, күн шалған,Жүргеніңді ұққанмын.Қыдыралы, ЕсімбекЭрентальды сабаған.Ер туған ұл десін деп,Бір..
©  Жамбыл Жабаев
Ер жігіт
Ер жігітке жарасар,Қолына алған найзасы.Би жігітке жарасар,Халқына тиген пайдасы. 
©  Бұқар жырау
Қорғанды шаһар қадірін — қазақ білмес, сарт білер,Ер жігіттің қадірін — ағайын білмес, жат білер. 
©  Бұқар жырау
Әйелдер әйелдер үшін киініп, өзара бәсекелес дейді. Ол рас. Бірақ егер жер бетінде ер адамдар болмаса, олар тіпті киінбес те еді. 
©  Коко Шанель
Ер қоспақпен сөз сөйлемек
Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек,Қисындырып, жымпитып қойсам демек.Атқа тыныш, адамға жайлы келіп,Көзге сұлу, өзі өңлі болса керек.
«Ол..
©  Шәкәрім Құдайбердіұлы
Ойлай білген ер - көзсіз батырдан көп артық. 
©  Құтып
Жаман әйел ер қадірін білмес. 
©  Майқы би
Жетесіз жігіт - ел қадірін білмес, некесіз әйел - ер қадірін білмес. 
©  Майқы би
Жаман еркек жар қадірін білмес,Жайсыз әйел ер қадірін білмес.Жалқау адам тер қадірін білмес,Жетесіз жігіт ел қадірін білмес. 
©  Майқы би
Дүниеде не жетім?- Жаңбыр жаумаған жер жетім, ата қонысынан ауған ел жетім, жарынан айырылған ер жетім.. 
©  Жиренше шешен
Оты сөнген ер жүрек қалар мұздап. 
©  Бернияз Күлеев
Ел үшін туған ер ұлы
Өткеннен бізге ой тартқан,
Көрінер тарих көзге ерек.
Елдігімді талай шайқалтқан,
Дұшпанда кеткен аз ба кек?!

Бейбіт ел бір кез үдеріп,
Жау..
©  Ғабиден Қожахмет
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.
©  Мұхтар Әуезов
Жолдасын таппаған ер азады,
Басшысын таппаған ел азады.
©  Мұхтар Әуезов
Өмірлік сұрақтарға келгенде ер адам берік, қатты болғанмен, өзінің әйеліне жұмсақ болуы керек.
Ел қамын жеген ер - басшы.
Ердің жеңілгені - елдің жеңілгені.
©  Тоныкөк
Пәтуәсіз ер - елге сор.
©  Тоныкөк
Еңсегей бойлы Ер Есім
Еңсегей бойлы Ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менім кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым..
©  Жиембет Жырау
Әй, қыңыр ер, қыңыр ер
Әй, қыңыр ер, қыңыр ер
Қыңырайма, біздің ер.
Қыналы бозға мінген ер
Қыз қалмақты құшқан ер
Хан жалғыз да, біз үшеу
Қыңырайма, шіркін, бері кел!
©  Жиембет Жырау
Ер адамның өміріндегі маңыздылығы бойынша екінші деңгейлі оқиға яхта сатып алу, ал ең маңыздысы сол яхтаны сату сәті болмақ.
©  Дональд Трамп
Сын сағаттарда қоғам мүддесі үшін жасалуға тиістіні жасайтын адам - нағыз ер.
©  Юлиус Фучик
Қазанат қамшы тигізбейді,
Азамат жоғын білгізбейді.
©  Кенен Әзірбаев
Ел үшін туған ерлердің,
Алды-арты дария кең болар.
©  Жамбыл Жабаев