Ас туралы  ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 370
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 31
Жаңылтпаштар жинағы: 4
Қанатты сөздер жинағы: 23
Баталар жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 13
Ертегілер жинағы: 1

Тоқ мейілді тойғызу оңай.
Арамдық қып ішкен ас,
Ішіңе барып болар тас.
Табағы таза қатынның,
Тамағы да таза.
Көңілсіз берген қымыздан
Көңілді берген шай артық.
Жапалап асқан жасықтан
Жағып жеген май артық.
Қозы қарын майым бар,
Көп сақтаған жайым бар.
Қазан асқа келмейді,
Ас қазанға келеді.
Есікте отырған,
Төрде отырғаннан дәмелі.
Асығыс пісірген көженің
Иә, қатығы жетпейді,
Иә, қасығы жетпейді.
Қырсыққанда қымыран іриді.
Құрғақ қасық — ауыз жыртар.
Бір күн дәмін татқанға,
Қырық күн сәлем.
Ас қадірін тоқ білмес,
Ат қадірін жоқ білмес.
Құр аяққа бата жүрмес.
Қоныс көркі — там,
Дастарқан көркі — нан.
Ас атасын — нан дейді,
Сөз атасын —«шал» дейді.
Қымызға құныққан қыдырып ішеді.
Қарны ашқанға
Қара нан да май татыр.
Шөлдегенге
Қара су да бал татыр.
Азаншыдан
Қазаншы игі.
Сараңның асы,
Сарқытқа жетпес.
Сараңның тамағына тойғанша,
Сақының қабағына той.
Көженің де кенеуі бар,
Көбіктің де демеуі бар.
Ас жүрген жер — береке,
Жас жүрген жер — мереке.
Қамбасында дәні жоқтың,
Дастарқанында наны жоқ.
Жалғыздығың ас ішкенде білінер,
Жарлылығың ел көшкенде білінер.
Күріш жеген арымас,
Көрмек жеген жарымас.