Қонақ туралы  ✍️


Басқа: 2
Мақал-мәтелдер жинағы: 110
Жұмбақтар жинағы: 1
Балаларға арналған тақпақтар: 10
Ақын өлеңдері жинағы: 75
Қанатты сөздер жинағы: 8
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 44
Шығармалар жинағы: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 6
Аңыздар жинағы: 1

Өзі қонақ болып көрмеген,
Қонақты сыйлай да білмейді.
Құм үстінде ине сабақтама,
Түсіп кетсе, табылмас.
Қонар үйді бір күнде адақтама
Қоналқы ертең табылмас.
Қожасы жуас үйдің қонағы билейді.
Үйлері қоңыр екен деп,
Көп ауылдан кетпеңіз.
Үйі аппақ екен деп,
Оңаша үйге түспеңіз.
Қонағы бар үй қоңырсып тұрады,
Қонағы жоқ үй бозымсып тұрады.
Құдаң құрдасыңдай болсын,
Құдағайың сырласыңдай болсын.
Қонымды киіміңді өзің ки,
Айналып қарасын көргендер,
Тәтті тамағыңды қонағыңа бер,
Айта жүрсін жегендер.
Қонақ келсе — құт,
Қарақшы келсе — жұт.
Иесіз үйдің оты жанбайды.
Қонақ қазанға бір қарайды,
Қожасының қабағына екі қарайды.
Сараңның салғанын қазаны жейді,
Қалғанын қонағы жейді.
Қырықтын бірі — қыдыр.
Сыпайы қонақ сыйыңды жейді,
Мылжың қонақ мыйыңды жейді.
Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
Итті қонақ жараспас.
Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демеймін.
Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе бет пісер.
Келгенше қонақ ұялар,
Келген соң үй иесі ұялар.
Екі үйдің қонағы
Емексіп жүріп аш қалар.
Жаман үйдің қонағы билейді.
Тоқ қонақты сыйлау оңай.
Шақырмаған қонаққа шайдан артық тамақ жоқ.
Сыйлы қонақ босағада отырмайды.
Қонаққа «кел» демек бар, «кет» демек жоқ.
Бұрынғы қонақ соңғы қонаққа орын берер.
Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.
Жаяу қонақ тыныш ұйықтар.