meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Сенім туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 24
Балаларға арналған тақпақтар: 5
Ақын өлеңдері жинағы: 116
Қанатты сөздер жинағы: 105
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 6
Поэмалар: 2
Эсселер жинағы: 1

Сiздi өзiңiзге сену сенiмiнен айыруға тырысатын адамдардан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Бұл қасиет ұсақ адамдарға тән. Ұлы адам, керiсiнше, сiздiң де ұлы..
©  Марк Твен
Гауһар жоғалмасын десең - сенімсізге сеніп тапсырма. 
©  Құтып
Уәдені орындамау сенімсіздік тудырады. 
©  Дейл Карнеги
Сенім — бұл ойлана алмайтындар үшін жұбаныш. 
©  Томас Эдисон
Кейде, сенің артыңнан кім ілесетінін көру үшін алға шығуың керек. Кейде, сені кім тыңдайтынын байқау үшін дауысыңды бәсеңдетіп сөйлеуің керек. Кейде..
©  Пауло Коэльо
Жеңіске сенген кезде, сен жеңесің, өйткені жеңіс саған сенеді. 
©  Пауло Коэльо
Бойыңыздағы сенімсіздікті жою үшін өзіңізді әрдайым сенімді ұстаңыз. 
©  Сергей Довлатов
Өзіне сенбеу – біздің көптеген сәтсіздіктеріміздің себебі. 
©  Кристиан Боуви
Өз күшiңе сенiмдi болу қосымша күш бередi. 
©  Кристиан Боуви
Өзіңізге деген сенімсіздік — сәтсіздіктің негізгі себепшісі. 
©  Кристиан Боуви
Ал, сенейін, сенейін
(М. Ю. Лермонтовтан)
Ал, сенейін, сенейін,Айтқаныңа көнейін.Шалма ораған сопыныңІшін арам демейін.Ақ көңілді әділ жанТабылар деп көрейін.Я сүйсе, я..
©  Абай Құнанбаев
Кінәсіз адамның сенімі - өтіріктің ең пайдалы құралы.
©  Стивен Кинг
Сейсенге сенсең - маған сен.
©  Тоқсары
Көп уәде сенiмдi азайтады.
©  Гораций
Мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды.
©  Дмитрий Менделеев
Біреуге риясыз сену оның қолына өз еркіңмен өткір қанжар ұстатқаның. Лыпып тұрған қанжармен ол сені қорғауы да мүмкін, бауыздауы да мүмкін.
©  Омар Хайям
Егер сіз бірдеңені жасауға қауқарлымын немесе қауқарсызбын деп ойласаңыз — екі жағдайда да сіздікі дұрыс.
©  Генри Форд
Егер сен өзіңе сенімсіз болсаң, онда саған кім сенеді?
©  Майкл Джексон
Баланы өз күшіне сендіріп үйрету керек.
©  Мағжан Жұмабаев
Тек ақымақтар ғана өз сенiмiне мүлтiксiз сенедi.
©  Мишель де Монтень
Оптимизм жетістікке әкелетін сенім. Сенім және үмітсіз ештеңе болуы мүмкін емес.
©  Хелен Адамс Келлер
Ешбiр iсте табыс «қателiк iстеу құқығынсыз» мүмкiн емес. Жалған нотадан қорқатын скрипкашы тыңдаушыларын баурап алмайтыны сияқты, айтылмайтынды айтып..
©  Лев Толстой
Қуанышты өмiр сүрудiң басты тәсiлi — өмiрдiң қуаныш үшiн берiлгенiне сену. Егер қуаныш азайса, неден қателiк жiбергенiңдi iзде.
©  Лев Толстой
Өзiңiздiң де, өзгенiң де сөзiне сенбеңiз, өзiңiздiң де, өзгенiң де iстерiне ғана сенiңiз.
©  Лев Толстой
Сен — ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен.
©  Бауыржан Момышұлы