Бөлім: «Баталар жинағы»

Бата, бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады. Бата қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қарастырылады. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандык, адалдық пен арамдық, обал-сауап турасындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Мағыналық тұрғыда екі түрге бөлінеді: ақ (оң) бата (алғыс), теріс бата (қарғыс). Қазақ халқының бата сөз үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, т.б. зерттеушілер назар аударып, жинап жариялаған. Кейін батаға Ислам дінінің әсері тиген. Осы күнгі бата отбасына амандық, молшылық, жастарға өмір, бақыт, білім тілеу мазмұнында болып келеді.
Дастарханға берілетін бата
Дастарханға берілетін бата:
Түндерің тыныш болсын,
Үйлеріңе ырыс толсын!
Келіндерің есті болсын,
Ұлдарың сесті болсын.
Балаларың қуаныш..
Наурызда берілетін әдемі бата
Наурызда берілетін бата:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жолың болсын!
Жасың құтты болсын!
Өмір, жасың ұзақ болсын!
Төрт түлік ақты..
Қызға бата беру
Қыз балаға берілетін бата:
Талдай бой берсін,
Сұңғыла ой берсін.
Жаздай жамал берсін,
Қардай жанар берсін!
Анаға шуақ болсын,
Ағаға қуат..
Ұл балаға бата беру
Ұл балаға берілетін бата:
Жорытқанда, балам, жолың болсын,
Қалтаң ділдаға толсын!
Бір толмасын, жылда толсын,
Өмір жасың ұзақ болсын!
Қатарыңнан..
Беташарға бата беру
Беташарда берілетін бата:
Жаратқан ием, Тілегімді қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет,
Ынтымақсыз алаусыз,
Қырқыстан сақта,
Әрі тарт, бері..
Тұсау кесерге бата
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын.
Ата - анаға мейірлі болсын,
Ағайын - туысқа пейілді болсын.
Өнеге - білімге зейінді болсын,
Он..
Мұзафар Әлімбаевтың батасы: Наурыз мейрамы
Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кесеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге..
©  Мұзафар Әлімбаев
Наурыз мерекесіне бата беру
Ниеттерің ақ болсын,
Наурыздың ақша қарындай!
Бастарыңа бақ қонсын,
Шашыңның барлық талындай!
Санасы өсіп адамның,
Көңілде кір..
Наурыз мейрамына бата беру
Әумин! – бата берейін,
Жақсылықты терейін.
Жаңа жылда жараңдар
Үстем болсын мерейің!
Жақсылыққа бас болып,
Ауылымызда ас болып,
..
22 Наурызға бата беру
Дәулетің зияда болсын,
Дұшпаның қияда болсын,
Аққуларың ұяда болсын,
Ауыл-аймақ,
Бота, тайлақ,
Үй-жамағат –
Бәрі түгел аман..
Наурызға бата беру
Аспанымыз жауынды болсын,

Жеріміз шөпті болсын,

Малымыз сүтті болсын,

Халқымыз тоқ болсын,

Қайғы-қасірет жоқ болсын!
Наурыз бата тілек
Ескі жылда есіркесін,

Жаңа жылда жарылқасын!

Саба іркіт пен саумалдан босамасын.

Өре құрт пен ірімшектен босамасын,

Мал ішсіз, келін..
22 Наурыз батасы
Үй-іші, ауыл-аймақ аман болсын,

Тыныштық баршамызға заман болсын.

Табиғат таусылмайтын ризық беріп,

Тартулы дастарқанға тағам..
Наурыз батасы
Дәулетті бас берсін,

Бақытты ас берсін,

Ұлыстың ұлы күнінде!

Ұлыс оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын!

Қозыға толсын көгенің,

Тұлпар..
Наурыз мейрамына бата
Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын,

Қайда барса да жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке..
22 наурызға бата
Көк Тәңірі нұрыңды аяма,

Жер тәңірі ырысыңды аяма!

Әділ жанды тағынан тайдырма,

Әз халықты бағынан айырма.

Басыма бас қос,

Жасыма жас..
Наурызға бата
Ұлыс күні құтты болсын,

Ақ кетпесін таңдайдан!

Ел іргесі мықты болсын,

Бақ кетпесін маңдайдан!

Аллаһу акпар!