Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Отбасым ән-жырымсың
Отбасым ән-жырымсың, Жүрегімнің үнісің. Жұпар шашып бпурайтын, Хош иісті гүлісің.
©  Отбасы күні
Өмірімнің мәнісің
Аман болшы отбасым, Өмірімнің мәнісің. Батар күнім күлімдеп, Атар сәтті таңысың.
©  Отбасы күні
Бауырларым гүл бағым
Ата-әжем, әке-анам, Отбасымның жұлдызы. Бауырларым гүл бағым, Жарқыраған құндызы.
©  Отбасы күні
Жақсы көрем
Жақсы көрем атамды, Жақсы көрем әжемді. Ата-анам бақытым, Тербететін әлемді.
©  Отбасы күні
Жақсы көрем сіздерді
Жақсы көрем сіздерді, Отбасым ол жұмағым. Сіздер үшін қашанда, Арналады жыр, әнім.
©  Отбасы күні
Отбасым ол жанұям
Отбасым ол жанұям, Ыстық менің мекенім. Алыс кетсем өзіңнен, Сағына мен жетемін.
©  Отбасы күні
Отбасыммен жанданам
Отбасыммен жанданам, Гүл көктемдей құлпырып. Әуелетіп ән салам, Шын жүректен үн қылып.
©  Отбасы күні
Отбасының бұл күні
Құтты болсын сіздерге, Отбасының бұл күні. Сыйластықта шынайы, Жарқырасын жұлдызы.
©  Отбасы күні
Бірге болсын отбасы
Бірге болсын отбасы, Жаздай жайнап жандары. Сыйластықта үн қатсын, Атып сәтті таңдары.
©  Отбасы күні
Аман болсын отбасы
Аман болсын отбасы, Бірге болса гүлденер. Сыйлап әркез бір-бірін, Шын жүректен гүл берер.
©  Отбасы күні
Құттықтаймын сіздерді
Құттықтаймын сіздерді, Отбасының күнімен. Бар жақсыны тілеймін, Қуанышты үніммен.
©  Отбасы күні
Құтты болсын бүгінгі
Құтты болсын бүгінгі, Отбасының күні бұл. Сыйластықта, шаттықта, Шыға берсін үні бұл.
©  Отбасы күні
Бірге біздің жанымыз
Отбасы ол бағымыз, Бірге біздің жанымыз. Отбасы аман тұрғанда, Жарасады сәніміз.
©  Отбасы күні
Отбасымның қасында
Отбасымның қасында, Бақытым көп басымда. Олар менің гүл бағым, Хош иісті, расында.
©  Отбасы күні
Отбасы ол байлығым
Отбасы ол байлығым, Жарқырайтын ай, күнім. Отбасының барында, Бұзылмайды жайлығым.
©  Отбасы күні
Отбасының барында
Отбасының барында, Атар сәтті таңың да. Қуаныштар көп болар, Гүл жайнаған бағыңда.
©  Отбасы күні
Отбасының күні бұл
Отбасының күні бұл, Қуанышқа бастайтын. Мерекеде бір болып, Шаттықтарын қоштайтын.
©  Отбасы күні
Жаңа оқу жылында
Бүгінгі білім күнінде, Еркелік жоқ кешегі. Жаңа оқу жылында, Ойымда енді өседі.
©  Білім күні
Жарасып тұр сәніміз
Амансың ба, мектебім, Қуаныш сенде өткен күн. Жарасып тұр сәніміз, Білім күні тербеткен...
©  Білім күні
Бала бақша баратын
Бала бақша баратын, Бала емеспін сен білген. Бүгін білім күнінде, Біріншіге келдім мен.
©  Білім күні
Бүгін білім күнінде
Бүгін білім күнінде, Қызың берді сәлемді. Армысың сен мектебім, Ұстаздарым әдемі...
©  Білім күні
Құтты болсын білім күн
Келіп жеткен сағынтып, Құтты болсын білім күн. Армысың менің мектебім, Сағындырған күні-түн...
©  Білім күні
Мектебім мынау
Мектебім мынау, класым, Сағынып келдім өзіңе. Білім күні бүгінгі, Бар қуаныш сезіле...
©  Білім күні
Армысың менің мектебім
Армысың менің мектебім, Күлімдейді көкте күн. Бүгін білім күнінде, Әуелесін ән мен жыр.
©  Білім күні
Құтты болсын бүгінгі
Құтты болсын бүгінгі, Білім күні кеп жеткен. Зейніміз ашылсын, Күндер көп боп нұрлы еткен.
©  Білім күні