Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Республикам сен барда
Республикам сен барда, Түспес менің көңілім. Тәуелсіз ел айбыным, Шуақ берер өмірім.
©  Республика күні
Республикам сен менің
Көңілге нұр сыйлайтын, Республикам сен менің. Өзің барда биіктеп, Көтерілер еңсем мың!
©  Республика күні
Сен деп соғад(ы) жүрегім
Республика күні бұл, Құтты болсын гүл елім. Көңілімнің нұрысың, Сен деп соғад(ы) жүрегім.
©  Республика күні
Республикам ғажабым
Республикам ғажабым, Артсын даңқың, ажарың. Қазақ елі жанданып, Таусылмасын базарың!
©  Республика күні
Республикам жасай бер
Республикам жасай бер, Атар таңың бақ сыйлап. Тәуелсіз ел жасай бер, Қуанышты күй сыйлап.
©  Республика күні
Құтты болсын Қазағым
Құтты болсын, Қазағым, Республика күні бұл. Мерейлі де тәуелсіз, Қазағымның үні бұл.
©  Республика күні
Республика күні бұл
Республика күні бұл, Шаттығымды көбейтер. Қазағымның үні бұл, Тынысымды кеңейтер...
©  Республика күні
Мен бақытты баламын
Мен бақытты баламын, Айтқан тілді аламын. Республика күнінде, Жұлдыз болып жанамын.
©  Республика күні
Балалармыз бақытты
Балалармыз бақытты, Мерекені тойлайтын. Республика күнінде, Бар жақсыны ойлайтын.
©  Республика күні
Республика күнінде
Республика күнінде, Ән айтамыз, билейміз. Қайғы жұтып, алаңдап, Мұңаюды білмейміз.
©  Республика күні
Республика күнімен
Құттықтаймын сіздерді, Республика күнімен. Құтты болсын қазағым, Қуанатын күнің ең...
©  Республика күні
Республика күні
Республика күні бұл, Мерекеміз мерейлі. Тақпақ айтып жатаймыз, Тақылдатып көмейді.
©  Республика күні
Ұстазым
Ұстазым менің, ұстазым, Білімнің берген жақсысын. Өзіңнен нәр аламын, Ұстазым менің, ұстазым! 
©  Нұрғалиқызы Ясира
Сенсің менің гүл бағым
Мейірімді жанұям, Сенсің менің гүл бағым. Бір өзіңе арналар, Таусылмайды жырларым.
©  Отбасы күні
Абыройың асқақтап
Жан жүрегім отбасым, Алға қадам баса түс.Абыройың асқақтап, Асулардан аса түс.
©  Отбасы күні
Жүрегімсің, тірегім
Отбасым сен айнымас, Жүрегімсің, тірегім. Шын жүректен өзіңе, Бар жақсыны тіледім.
©  Отбасы күні
Қуантатын әрқашан
Аман болшы отбасым, Қуантатын әрқашан. Өсе берші, өрлей бер, Тәнті болып барша адам.
©  Отбасы күні
Өмірдің бар жақсысын
Саған ғана тілеймін, Өмірдің бар жақсысын. Аялаған отбасым, Берер маған тәттісін.
©  Отбасы күні
Отбасым сен Ай, Күнім
Отбасым сен Ай, Күнім, Баға жетпес байлығым. Аман болшы тек қана, Толқынданып айдының.
©  Отбасы күні
Бір өзіңде көңілім
Бір өзіңде көңілім, Отбасым сен тірегім. Сенен алыс жүрсем де, Сен деп соғар жүрегім.
©  Отбасы күні
Жанұям ол бақытым
Жанұям ол бақытым, Бар жақсыны беретін. Әрқашанда алаң боп, Мені жақсы көретін.
©  Отбасы күні
Сен деп соғар жүрегім
Сен деп соғар жүрегім, Сені жақсы көремін. Жан жүрегім отбасым, Аман болшы, тілерім.
©  Отбасы күні
Көңіліміз жай біздің
Көңіліміз жай біздің, Отбасым сен барыңда. Жүрек соғар өзің деп, Шуақты атып таңым да.
©  Отбасы күні
Айрайлы атар таңымсың
Отбасым сен жанымсың, Шырқап айтар әнімсің. Отбасым сен шуақты, Арайлы атар таңымсың.
©  Отбасы күні
Отбасым саған тілеймін
Отбасым саған тілеймін, Бар жақсыны өмірде. Сен деп өмір сүремін, Дақ түспесін көңілге.
©  Отбасы күні