Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Еңбек күні барында
Еңбек күні барында, Бағаланар зор еңбек. Еңбек етсек ерінбей, Жемістерін мол бермек.
©  Еңбек күнi
Еңбек еткен жан ізгі
Құтты болсын мерекең, Еңбек еткен жан ізгі. Еңбегіңіз жанданып, Шуақ шашсын таң ізгі.
©  Еңбек күнi
Еңбек күні ғажайып
Еңбек күні ғажайып, Қуанышын сыйлайтын. Бағаланып еңбектер, Бар жақсыны жинайтын.
©  Еңбек күнi
Еңбек күні бүгінгі
Еңбек күні бүгінгі, Құтты болсын сіздерге. Жеміс беріп еңбегің, Қызымет ет ізгі елге...
©  Еңбек күнi
Еңбегіңіз жанданып
Еңбек күні бүгінгі, Құтты болсын, тілеймін. Еңбегіңіз жанданыпАман-есен жүр деймін.
©  Еңбек күнi
Бүгін еңбек күнінде
Қыркүйектің соңында, Есік ашты, қараңыз. Бүгін еңбек күнінде, Артсын еңбек бағаңыз.
©  Еңбек күнi
Еңбек күні
Еңбек күні кеп қалды, Күндей болып жарқырап. Жансын дәйім еңбегің, Ағындайын арқырап.
©  Еңбек күнi
Мен бақытты баламын
Республика күнін бұл, Тойлап жүрген жыл сайын. Мен бақытты баламын, Азаттықта, жоқ уайым!
©  Республика күні
Бақытымыз жанданып
Азат елім жасай бер, Бақытымыз жанданып. Республика күнімен, Құттықтаймын жар салып.
©  Республика күні
Республика күні бұл
Республика күні бұл, Келіп жеткен қуантып. Көк ту желбіресін деп, Жүреміз біз жырлатып.
©  Республика күні
Республикам бақытым
Республикам бақытым, Елге сенім беретін. Құтты болсын мереке, Әр жыл сайын келетін.
©  Республика күні
Қазақ аты танылсын
Құтты болсын мереке, Республика күні бұл. Қазақ аты танылсын, Шырқалып ән, жыры бұл. 
©  Республика күні
Жасай берсін Қазағым
Республика күні бұл, Елге шаттық беретін. Азаттықтың байрағы, Көкілге нұр себетін.
©  Республика күні
Азаттықтың көк туы
Республика күнінде, Орнасын бар жақсылық. Азаттықтың көк туы, Сыйлай түссін сәттілік!
©  Республика күні
Республикам бақытым
Республикам бақытым, Мерекеге бастайтын. Құтты болсын күн бүгін, Шаттығымды растайтын.
©  Республика күні
Құтты болсын бүгінгі
Құтты болсын бүгінгі, Республика күні бұл. Әр қазақтың лүпілдер, Жүрегінің үні бұл.
©  Республика күні
Республикам жырымсың
Республикам жырымсың, Тұмарым қып тағатын. Әуелетіп жүрекпен, Шырқап әнге салатын.
©  Республика күні
Республикам асылым
Республикам асылым, Жанға қуат беретін. Мен балаңмын сен үшін, Маржан сөзді теретін...
©  Республика күні
Нұр сыйласын арай, күн
Жадыратып жанды бұл, Нұр сыйласын арай, күн. Құтты болсын бүгінгі, Республика күні бұл.
©  Республика күні
Жасай берсін еліміз
Азаттығы жанданған, Жасай берсін еліміз. Республика күнінде, Гүлдей берсін жеріміз.
©  Республика күні
Құтты болсын қазағым
Республика күні бұл, Құтты болсын қазағым. Елім менің тәуелсіз, Таусылмасын базарың.
©  Республика күні
Республикам әнімсің
Республикам әнімсің, Жүрегімде тербелер. Ел жоқ шығар өзіңе, Республикам тең келер.
©  Республика күні
Республикам өзіңсің
Республикам өзіңсің, Сыйлар бізге гүл бағын. Бір өзіңе арналар, Таусылмайды жырларым.
©  Республика күні
Соғып тұрған жүрегім
Республикам киелім, Соғып тұрар жүрегім. Республикам жасай бер, Мықты болып тірегің.
©  Республика күні
Республикам жаным бұл
Жақсы көріп, сүйетін, Республикам жаным бұл. Шуақ берер шырайлы, Сәтті атар таңым бұл.
©  Республика күні