Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Саулықтарың мықты боп!
Ағаларым айбынды, Аман жүрші әрдайым! Күзетшілер, ағалар, Жүріңіздер жоқ уайым!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Елдің сіздер қорғаны
Күндіз-түні күзетер, Елдің сіздеп қорғаны. Күзетшілер күні бұл, Жақсылық қой болғаны!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Қанатыңыз талмасын!
Ағаларым айбынды, Қанатыңыз талмасын! Күзетшілер сіз үшін, Бар жақсылық орнасын!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Құтты болсын сіздерге
Құтты болсын сіздерге, Күзетшілер күні бұл. Қызыметте жанданып, Ағаларым аман жүр.
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Ағаларым ардақты
Елге қызмет ететін, Ағаларым ардақты. Күзетшілер күнімен, Құттықтаймын жан-жақты.
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күзетшілер, ағалар
Істеріңіз оң болсын, Күзетшілер, ағалар! Күзетшілер күнінде, Арта берсін бағаң әр!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Мемлекеттік күзетші
Мемлекеттік күзетші, Ағаларым айбынды. Сіздер елдің қорғаны, Аққуы бар айдынды.
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Сіздер барда ағалар
Сіздер барда ағалар, Тыныш болар еліміз. Күзетші сіз ағалар, Жайнап, жасай беріңіз!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Сіздер елдің қорғаны
Мемлекеттік күзетші, Ағалардың зор бағы. Тыныштығын сақтайтын, Сіздер елдің қорғаны.
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Бүгін күзет күнімен
Құттықтаймын сіздерді, Бүгін күзет күнімен! Күзетші сіз ағалар, Нұр таймасын жүзіңнен!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Жарық біздің жүзіміз
Сендер барда, Ұландар, Жарық біздің жүзіміз. Тыныш, бейбіт заманда, Жақсы өтуде күніміз. Рахмет саған, Ұландар, Амандықта жүріңіз!
©  Ұлттық ұлан күні
Сендердей біз боламыз
Ертең біздер өскенде, Сендердей біз боламыз. Қызымет қып ел үшін, Толған айдай толамыз!
©  Ұлттық ұлан күні
Ұландарым тек алға
Ұландарым тек алға, Қанаттарың талмасын! Мерейлерің үстем боп, Бар жақсылық орнасын!
©  Ұлттық ұлан күні
Жасай берші, Ұландар!
Жасай берші, Ұландар, Істеріңіз оң болып. Жаратқаным жар болсын, Саулықтарың зор болып.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұландар ол қырандар
Ұландар ол қырандар, Қанат қағып ұшатын. Елдің әрбір баласын, Бауырына қысатын.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлан күні ерекше
Ұландардың құрылған, Ұлан күні ерекше. Жасай берші, Ұланым, Елді ісіңмен тербете.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлан деген есімің
Ұлан деген есімің, Жатталады санамда. Елді сүю маңызды, Маған, саған, оған да.
©  Ұлттық ұлан күні
Ел тынышын қорғаймын
Мен де өскенде үлкен боп, Ел тынышын қорғаймын. Ұланы боп елімнің, Суыққа қа да тоңбаймын.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлан деген атыңыз
Ұлан деген атыңыз, Есімізде сақталар. Елдің азаматтары, Ел үшін іс атқарар.
©  Ұлттық ұлан күні
Мен де Ұлан боламын
Өскен кезде сіздердей, Мен де Ұлан боламын. Қанаттары талмайтын, Мен де қыран боламын.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұландарым айбынды
Ұландарым айбынды, Үстем болсын мерейің. Қырандары қазақтың, Саған ән сап берейін...
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлттық Ұлан рахмет
Ұлттық Ұлан рахмет, Қызметтесің ел үшін. Саулығыңды тілейміз, Әрқашанда сен үшін!
©  Ұлттық ұлан күні
Қырандары қазақтың
Қырандары қазақтың, Мерекеңмен бүгінгі. Ұлттық ұлан жасай бер, Сәтті өткізіп күніңді.
©  Ұлттық ұлан күні
Ұландары қазақтың
Ұландары қазақтың, Құтты болсын мерекең. Ұлттық Ұлан күнінде, Артсын дәйім берекең!
©  Ұлттық ұлан күні
Ұлттық Ұлан жасай бер
Ұлттық Ұлан жасай бер, Қызыметте ел үшін. Ұлттық Ұлан күнінде, Көріп еңбек жемісін!
©  Ұлттық ұлан күні