Бөлім: «Балаларға арналған тақпақтар»

Балаларға, мектепке, балабақшаға, бастауышқа арналған әр-түрлі тақырыпта тақпақтар жинағы
Қалам алып қолыңа
Журналистер, тілшілер, Жылу берер күнсіздер. Қалам алып қолыңа, Көшті бастап жүрсіздер.
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Журналистер күнінде
Журналистер күнінде, Кіре түссін ажарың. Қилы өмір жолында, Таусылмасын базарың.
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Тілшілер ол ғажайып
Тілшілер ол ғажайып, Мақалалар жазатын. Бірі озып бірінен, Шындық кенін қазатын.
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Журналистер сіз барда
Журналистер сіз барда, Ақпараттар берілер. Жан тербейтін ғажайып, Маржан сөздер терілер.
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Мен де сіздей боламын
Журналистер, тілшілер, Елді ойлап жүрсіздер. Мен де сіздей боламын, Толған айдай толамын.
©  Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлері күні
Тыныш болсын еліміз!
Күзетшілер күнінде, Жарқырай түс, Күзетші! Тыныш болсын еліміз, Жандар көп боп ізетті!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Көңіліңіз шаттана
Қуана түс Күзетші, Көңіліңіз шаттана! Қызыметте жарқыра, Әрбір күннен бақ таба!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күзетшілер ай, күнің!
Жарық болсын әрқашан, Күзетшілер ай, күнің! Ел алдында асқақтап, Арта берсін айбының!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күзетшілер аман бол!
Ел қарайтын қашанда, Күзетшілер аман бол! Сәттілікті тілеймін, Болып әркез қадам оң!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күлім қағып жүзіңіз
Мемлекеттік күзетші, Аман болып жүріңіз! Қызыметте биікте, Күлім қағып жүзіңіз!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Бар жақсылық орналсын!
Күзетшілер күнінде, Бар жақсылық орналсын! Қызметте күзетші, Сіздерге күй арналсын!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Мен де елді қорғаймын!
Үлкен болып өскенде, Мен де елді қорғаймын! Ел үшін деп, жер үшін, Бар жақсыны арнаймын!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Арайлы таң қуантсын!
Арайлы таң қуантсын, Сіздерге тек сыйлап бақ! Күзетшілер жасаңыз, Бар жақсыны жинап ап!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Жүздеріңіз жарық боп
Күзетшілер аман бол, Жүздеріңіз жарық боп! Қызымет қып ел үшін, Бар жақсыны таныт көп!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күзетшілер тек алға
Күзетшілер тек алға, Қызыметің жандансын! Күзетшілер сіздерге, Бар жақсылық арналсын!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Қызыметте жанданып
Ағаларым жүріңіз, Қызыметте жанданып! Мемлекеттік күзетші, Күнінде сіз ән салып...
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күзетшілер тілеймін
Күзетшілер тілеймін, Сіздерге бар жақсыны. Әр күніңіз сыйласын, Өмірде бар тәттіні!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Жасай берші, ағалар!
Мемлекеттік күзетші, Жасай берші ағалар! Еңбегіңіз көп болсын, Елің, жұртың бағалар!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Күзетшілер күнімен
Күзетшілер күнімен, Құттықтаймын сіздерді! Айбыны асқақ ағалар, Қорғап жүрер біздерді!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Сіздер барда ағалар
Сіздер барда ағалар, Тыныш біздің жанымыз! Ел күзетші ағалар, Сәтті атсын таңыңыз!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Бар жақсыны тілеймін
Ағаларым күзетші, Қызмет етер ел үшін! Бар жақсыны тілеймін, Шын жүректен сіз үшін!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Көңіліңіз жай болып
Істеріңіз оң болсын, Ағаларым күзетші! Көңіліңіз жай болып, Іс көп болсын ізетті!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Жемісті боп еңбегің!
Мемлекеттік күзетші, Ағаларым жасай бер! Жемісті боп еңбегің, Алға қадам баса бер!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Болам сіздей ағалар
Мемлекеттік күзетші, Аға сіздей боламын! Қызымет қып ел үшін, Толған айдай толамын!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні
Менде сіздей боламын
Мен де ағалар өскенде, Күзетші боп, толамын! Қызымет қып ел үшін, Асуларды аламын!
©  Мемлекеттік күзет қызметі күні