Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Арнайтын сабаққа əр,Тор көздiсi бар.Ұзын жолдысы бар,Керегiнше жылда ал.(Дəптерлер)
©  Ескен Елубаев
Көктемде,Күзде,Қыста да,Күн сайын жүр ұста да.Ал, жазда,Үш ай бойынаАлмайсың оны қолыңа.(Портфель)
©  Ескен Елубаев
Қағазсыз да қаламсыз,Жазып алып жатады.Еш қиналмай алаңсыз.(Диктофон)
©  Ескен Елубаев
Қалтамдағы бұйыммен,Алыс-жақын, қиырмен,Хабарласам шұғыл мен.(Ұялы телефон)
©  Ескен Елубаев
Жаны жоқ қой десек те,Миы жоқ қой десек те,Жүйрiк екен есепке.(Калькулятор)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Дiни кiтап – жазылған. Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Астық сақтайтын жер – қазылған.(Құран – Ұра)
©  Ескен Елубаев
Тұтас оқысаң –Қолына ұстар жылқышы.Екi шеткi əрпiн қысқартсаң –Ұрлық жасайтын кiсi.(Құрық – Ұры)
©  Ескен Елубаев
«Ж»-дан бастасаң –Жер биiгi.«Б»-дан бастасаң –Мал түлiгi.(Жота – Бота)
©  Ескен Елубаев
АНАГРАММАЛАР«Қ»-дан бастасаң –Қорғалар жер.«Б»-дан бастасаң –Сор болар жер.(Қорық – Борық)
©  Ескен Елубаев
Сəнде бар,Санда жоқ.Нəнде барНанда жоқ.(«Ə»)
©  Ескен Елубаев
Менде бар,Сенде жоқМеңде бар,Сеңде жоқ.(«М»)
©  Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Айға қойылған ат.Екiншi түбiр сөз –Желден тасаланар жердi тап.Екеуiн қосып оқысаң –От жағуға керек сұйық зат.(Тамыз + Ық = Тамызық)
©  Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Адам – ыммен айтар керегiн:Екiншi түбiр сөз –Бiр мүшесi дененiң,Екеуiн қосып оқысаң –Орманнан оны теремiн.(Саңырау + Құлақ =..
©  Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөзАузыңа алмас зат мұны.Екiншi түбiр сөз –Үлкен өзеннiң бiрi.Екеуiн қосып оқысаң –Спорттың түрi.(У + Шу = Ушу)
©  Ескен Елубаев
Бiрiншi түбiр сөз –Бояу түсi.Екiншi түбiр сөз –Үй бұйымы ескi.Екеуiн қосып оқысаң –Уақыт мезгiл кешкi.(Ақ + Шам = Ақшам)
©  Ескен Елубаев
Болса да ащы,Дəмдi етер –Асты.Өседi ол жерге,Тығып ап басты.(Пияз)
©  Ескен Елубаев
Бүйендей жуан тұрқы,Шымқай қоңыр түсi,Қуырмасаң оны.Жей алмайсың шикi,(Баялды – баклажан)
©  Ескен Елубаев
Ерте шығар көктемде,Дəмi қышқыл неткен де. Көктей жұлып жемесең,Болмайды ол жаз жеткенде.(Шалғам – редиска)
©  Ескен Елубаев
Қарық қылыпХалықты,Жасайды оданҚантты.(Қызылша)
©  Ескен Елубаев
Көкөнiс бұл қалаулы,Жасамас онсызПалауды.(Сəбiз)
©  Ескен Елубаев
Қайнатсаң –Томатың.Турасаң –Салатың.(Қызанақ)
©  Ескен Елубаев
Қарыс-қарыс бопЖазда өсер –Тыста.Бiлек-бiлектей бопЖылыжайда өсерҚыста.(Қияр)
©  Ескен Елубаев
ОраныпКөп жапыраққа,Өсiп жатырАтырапта(Қырыққабат)
©  Ескен Елубаев
Қайықта жалғыз ескек,Онымен қалай еспек!(Байдаркашы)
©  Ескен Елубаев
Мұзды алаң,Билеп жүр екi адам.(Мұзда билеу)
©  Ескен Елубаев