Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Тарихта ең үлкен қалпақ киген кім?

Жауабы - Басы ең үлкен адам
Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?

жауабы - алма ағашында
Бір патша уәзіріне зынданнан бір тұтқынды алғызыпты. Тұтқынға өлім жазасын таңдау құқығын өзіне береді, бір тауық беріп, “осы тауықты қалай өлтірсең..
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан кейін үш аяқты ол не?
Патша өте дәмді және мінсіз етіп сорпа пісіртеді. Бірақ патша бұл сорпада бір кемшілік бар дейді. Зындандағы тұтқынға бір кесе сорпа құйдырып бір..
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
Қай айда 28 күн бар?

жауабы - Барлық айда
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын нәрсе?
Бір адам құйып тұрған жаңбырдың астында қалыпты. Үйіне келгенде үсті-басы малмандай су, тек шашы су болмапты. Неліктен?

жауабы - Шашы жоқ
Тоқпаққа тоямын,
Онсыз аян жүрмесім.
Біріктіріп қоямын
Екі заттың іргесін.
Бір малға екі бала мінгеседі,
Айлап-жылдап түспестен күн кешеді.
жауабы - Түйенің өркеші
Егіз қайың,
Бой-бастары тең өскен.
Іске дайын,
Бұтақтары бес-бестен.
Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.
Темір аяқты,
Ағаш таяқты.
От ішінде үш таяқ,
Үшеуі де күшті аяқ.
Ортасында ілгегі.
Ілгегінде ілгені.
Торы тай,
Табанында төрт ай.
Елқорғайтын ерліке
Әуенімен шақырған.
Батылдыққа, елдікке
Әуенімен шақырған
Он екі бием бар еді, алтауы буаз,
Екеуі неғайбыл, екеуі тесік өкпе,
Екеуі күн қақты.

Қойда он екі мүше бар. Алты буаз бие деген ішінде майы бар..
Борп-борп борпылдақ,
Борпылдақта қызыл тақ.
Қызыл тақта үш тармақ,
Үш тармақта шұқыршақ,
Шұқыршақта бал қаймақ,
Балқаймақта сұр жайдақ,
Сұр..
Кешегі күн ертеңгі күн болғанда, бүгін сенбі болар еді, деген адам қай күні айтқан?
Күні бойы бір сұрақ қойып, бірақ әр сұрағанда әртүрлі жауап алатын сұрағымыз қандай?

Сағат қанша болды?
Бір фабрикада 127 қызметкер жұмыс істейді. Әр жұмысшы басқа 3 жұмысшыны таниды. 1-қаңтар күні фабрикадағы жұмысшылардан біреуі қызықты бір хабар..
Төмендегі есепте әрбір әріп 1ден 9 ға дейінгі санды білдіреді. Әріптерде жасырынған сандарды таба аласыз ба?
A B C + D E F - G H I = 1 0..
Бір дорбада 50 ақ, 40 сары, 30 қызыл, 20 көк, 10 қара, 5 жасыл нәски бар. Дорбаның ішіне қарамай, әр қол салғанда бір дана нәски алуға болады. Бірдей..
100 алманың үштен бір бөлігі мен үштен бірінің жартысын қосқанда қанша алма болады.