Бөлім: «Жұмбақтар жинағы»

Жұмбақ – адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
Өрмелеп биiк шыңға,Түсетiндер сынға.(Альпинист)
©  Ескен Елубаев
Мылтықпен көздеп атқандар,Аспандап ұшқан табақтыБыт-шыт қылып жатқандар?(Мерген атқыштар)
©  Ескен Елубаев
Келедi бiр топ алыстан,Жаяу жүруден жарысқан.(Спорттық жүрiс)
©  Ескен Елубаев
Бойынан да биiкке,Секiрiп жүр қиналмайАдам ба бұл, киiк пе?(Биiктiкке секiрушi)
©  Ескен Елубаев
Нысанаға қадап,Атып жатыр садақ.(Садақшы)
©  Ескен Елубаев
Қолдарымен бiр допты,Он екi ойыншы соқты.(Волейболшы)
©  Ескен Елубаев
Аяққа тағып шаңғысын,Аспанға ұшып қарғысын.(Слаломшы)
©  Ескен Елубаев
Айдын суда жалтыр,Құлаштап жүзiп малтыр.(Жүзгiш)
©  Ескен Елубаев
Шеберлiк көрсетiп жүргендер,Ағаш атқа мiнгендер.(Гимнасшы)
©  Ескен Елубаев
Қарсылас екi топ,Суда ойнап жүр доп.(Ватерполшы)
©  Ескен Елубаев
Мiнiп алып арғымақ,Кедергiлерден қарғымақ.(Ат спортшысы)
©  Ескен Елубаев
Найза лақтырып алысқа,Түсетiндер сайысқа.(Найза лақтырушылар)
©  Ескен Елубаев
Екi мықты «мен» дескен,Бiр-бiрiмен белдескен.(Палуан)
©  Ескен Елубаев
Мұз айдында тайғанақ,Жарысқандар сырғанап.(Конькишi)
©  Ескен Елубаев
Күштiлер бар небiр,Көтерген ауыр темiр.(Штангашы)
©  Ескен Елубаев
Допты алып қолға,Дəл түсiрген торға.(Баскетболшы)
©  Ескен Елубаев
Ұзын сырық қолында,Секiрер биiк жолында.(Сырықпен секiрушi)
©  Ескен Елубаев
Қырық екi шақырым қашықтан,Жүгiрiп өтiп машыққан.(Марафоншы)
©  Ескен Елубаев
Жүз метрге жүгiрген,Желаяқты кiм бiлген?(Спринтер)
©  Ескен Елубаев
Кiмнiң ұшқыр ойы?Жарысатын кiмдер, айт,Бiрнеше этап бойы?(Велосипедшiлер)
©  Ескен Елубаев
Кiмнiң ұшқыр ойы?Бəсекелесетiн кiм, спорттыңАлты снаряд түрi бойы?(Гимнасшы)
©  Ескен Елубаев
Кiмнiң ұшқыр ойы?Сайысатын кiмдер, айт,Бес партия бойы?(Волейболшы)
©  Ескен Елубаев
Сайысатын кiмдер, айт,Спорттың үш түрiнен:Жүгiруден,Жүзуден,Велосипед теуiп жүруден.(Триатлоншы)
©  Ескен Елубаев
Спорт туралы жұмбақтар жауабымен жинағы
КIМНIҢ ҰШҚЫР ОЙЫКiмнiң ұшқыр ойы?Сайысатын кiмдер айт,Екi тайм бойы?(Футболшы)Кiмнiң ұшқыр ойы?Сайысатын кiмдер, айт,Мұзда үш кезең..
©  Ескен Елубаев
Кiмнiң ұшқыр ойы?Сайысатын кiмдер, айт,Үш раунд бойы?(Боксшы)
©  Ескен Елубаев