Қол туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 58
Жұмбақтар жинағы: 15
Балаларға арналған тақпақтар: 15
Ақын өлеңдері жинағы: 102
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 11
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 6

Екі қарбызды
Жалғыз қолмен көтере алмассың.
Айтпас жерде ауызыңды тый,
Қышынбас жерде қолыңды тый.
Өнерлі қол аш болмас.
Аузың айтқанды,
Қолмен істе.
Өнерлiнiң қолы алтын,
Өлеңшiнiң сөзi алтын.
Қолы қысқаның тілі ұзын.
Кеңеспен кескен қол ауырмас.
Қол - қысқа,
Ой - ұзын,
Арман - биік.
Қолы ұзаққа да тұзақ бар.
Отқа жуықтың қолы күйер.
Қол жуылмай жылынбайды.
Қол қолды біледі, шариғат жолды біледі.
Тіл жүйрігі - басқа,
Қол жүйрігі - асқа.
Қолға су құя алмаса да, ұялмайды.
Жалақ кісі тілден жазар,
Таз кісі қолынан жазар.
Әркімнің өз қолы өзіне қарай бүкір.
Көз көргенді қол сезбейді.
Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Қотыр қолға қола сақина.
Қай қолынды кессең де,
Жанға батуы бірдей.
Қолы жетпеген кәріп.
Қотыр қолдан жұғады,
Пәле тілден жұғады.
Қолынан келген қырынан қояды.
Көсеуі ұзынның қолы күймес.