Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Жаманның сөзі көңіл қалдырғандай,Жақсының сөзі мейір қандырғандай
©  Самет Оқанұлы
Ұрыс ырысты қашырар,Ынтымақ халықты асырар
©  Самет Оқанұлы
Үмітсіздік – шайтанның ісі
©  Самет Оқанұлы
Ата-ананың ақылы,Сайрап жатқан жолмен тең.Ақылдының ақылы,Сарқылмайтын көлмен тең
©  Самет Оқанұлы
Кісі – білмегенінің жауы
©  Самет Оқанұлы
Жақсымен сөйлессең,Балға шекер қатқандай.Жаманмен сөйлессең,Итке сүйек атқандай
©  Самет Оқанұлы
Сыйласқанға не жетеді,Сөйлескеннен нең кетеді 
©  Самет Оқанұлы
Ақ пен қара жарысар,Аққа Құдай болысар
©  Самет Оқанұлы
Жақсылық қыл, міндет қылма
©  Самет Оқанұлы
«Қайғыны қайратты жеңеді
©  Самет Оқанұлы
Су да төмен қарай ағады,Кішіпейілділік адамға жағады
©  Самет Оқанұлы
Үлкенге – құрмет,Кішіге – ізет
©  Самет Оқанұлы
Жақсы кісі қартайса да,ақылынан азбас,Жақсы ат қартайса да,жүрісінен танбас
©  Самет Оқанұлы
Тауды биік демеңдер,Талаптансаң шығарсың.Жауды мықты демеңдер,Жарақтансаң жығарсың
©  Самет Оқанұлы
 Пайдасыз баланы қарағым деме,Өтпес қылышты жарағым деме
©  Самет Оқанұлы
Шебердің қолы көпке ортақ
©  Самет Оқанұлы
Тәңір асыраған тоқтыны бөрі жемейді
©  Самет Оқанұлы
Текті сөзге темір қақпа да ашылады
©  Самет Оқанұлы
Жақсыны халық мақтар,Жаманды халық даттар
©  Самет Оқанұлы
Баталы құл – арымас,Батасыз құл – жарымас
©  Самет Оқанұлы
Жалғанға жалқау сенеді,не аңқау сенеді
©  Самет Оқанұлы
Адалдық жүрген жерде,адамдық жүреді
©  Самет Оқанұлы
Жақсыдан шарапат,Жаманнан кесапат
©  Самет Оқанұлы