Бөлім: «Басқа»

Немере деген кім?
Немере – ата-ананың ұлынан туған бала
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Бауыздау құда деген кім?
Бауыздау құда – мал бауыздағанда бата берген құда
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Жанама құда деген кім?
Жанама құда – екі жақты сөзін сөйлер құдалар (Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары)
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Бас құда деген кім?
Бас құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Қарсы құда деген кім?
Қарсы құда – екі құда бір-бірінен қыз алысуы
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Бесік құда деген кім?
Бесік құда – бала туылған кезден ниеттескен құдалар
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Бел құда деген кім?
Бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан құдалар
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Құдаша деген кім?
Құдаша – қарама-қарсы жақтың сіңлілері
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Құдағи деген кім?
Құдағи – қарама-қарсы жақтың әжелері, шешелері, апалары
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Құда деген кім?
Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Бажа деген кім?
Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Балдыз деген кім?
Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Бөле деген кім?
Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Жиен деген кім?
Жиен – ападан не қарындастан туған бала
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Келін деген кім?
Келін – інісінің, баласының әйелі
©  Қазақ халқының туыстық атаулары
Қайын жұрт деген кім?
Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары
©  Қазақ халқының туыстық атаулары