23.09.2022
  99


Автор: Аманғазы КӘРІПЖАН

Нәресте жайлы түс

Ауылғазыға


 


«Тартынба,ғұмыр, тартынба!
Намысы биік нар тұлға
Жалғасып келеді артымда,
Назар сал, мынау мәрт ұлға!»
Үміт пен күдік тұрса улап,
Түсімде туды бұл шумақ.
Қалғанын есте қалдырмай
Көзімнен ұшты жыр шулап.
Оянып түсті өшірдім.
Қиялға сосын көсілдім.
Жорытпай енді ешкімге,
Өңіме келді көшіргім...





Пікір жазу