16.09.2022
  274


Автор: Тəпей Қайысханұлы

ЖЫЛҚЫ ЖЫРЫ

Келеді бір ой түн қатып,
Жер көксеген жылқыдай.
Жаныма шіркін тұр батып,
Құйылмай көлге шұрқырай.
Қарлы тауға беттей ме,
Сері мінез жануар.
Бетегелі беткейде,
Боз жусаны тағы бар.
Шыңға өрмелеп ең биік,
Көсеген жерін көрер ме?
Қос құлағы делдиіп,
Аш арлан оған төнер ме?
Қуансаң дала көз тоймай,
Жұбансаң бірге жүдедім.
Жүрегім менің– боз торғай,
Боз торғай– менің жүрегім.
Автор.
Үйірін жауға ұрлатпай,
Кетер ме əлдежол тауып.
Жатырмын əлі үн қатпай,
Ой астында шалқайып.
Қызқуар, көкпар не түрлі,
Қызатын ойын, тойды аңсап.
Кеудемнің тыншын кетірді,
Асау бір ойлар ойнақ сап.
Аралап адыр-адырды,
Жайылып жүрген жылқылар.
Аралап ауыл-ауылды,
Жүрегім кетті жыр құмар.
Жусан исі бұрқырап,
Қапсағай қара тауым тұр.
Жылқымем бірге шұрқырап,
Шұрқырап менің жаным жүр.
Көп қуғын көріп оралған,
Көбеңсіп бəрі қалады-ау.
Қап-қара тонға оранған,
Ұйқыда, бірақ, қара тау.
Шыра ұстап қолға ақ жарық,
Арғымақ арман міндім де
Қараңғы түнді қақ жарып,
Айғайлап келем білдің бе?!
Зіл-зала қылып тау ішін,
Дүркірей шауып барады.
Құлын да құлын дауысым,
Оятса деймін даланы.
Жырларым– жылқы қаптаған,
Дүбірін салған кеудемде.
Жорыққа солай аттанам,
Тынышым кетіп кей-кейде.





Пікір жазу