09.09.2022
  62


Автор: Төлеген Рахымжанұлы

Жалғанның қызығы

Жыныс орман...
етегі қалың шырғай,
Жел қозғалса,
ысқырар дауыл-сырнай,
...Балалары біркелкі жанұя бар:
Қылқандары біркелкі самырсындай.
Табиғатта дәстүр мен жоралғы бай,
Көгілдір бақ қоршалған көгал-маңай.
...Балалары әртүрлі жанұя бар:
Жапырақтары әртүрлі тораңғыдай.
Тәтті мен ащының дәмін білмей,
Көрінер ме
қызусыз жалын жалғанның
Жасағанда Жаратқан бәрін бірдей?!





Пікір жазу