31.08.2022
  338


Автор: Жібек Ысқақова

Есімізде мәңгілік Димаш атың

Елімізді басқарған адалдықпен,
Есімізде мәңгілік Димаш атың.
Қазақ үшін аянбай еңбек еттің,
Ұмытпайды ешқашан сені халқың.

Ең бірінші басшысы бір өзіңсің,
Қазағыма күндей боп шуақ шашқан.
Академик, ізгі адам қайраткерсің,
Қазақ үшін туылған әуел бастан.

Сіз деп қанша өлеңдер жазылуда,
Әуенімен тербелеп бар халықты.
Өлең жазса сіз жайлы ақындарым,
Ал әншілер жүрекпен ән салыпты.





Пікір жазу