26.08.2022
  555


Автор: Жібек Ысқақова

Жүрісі де ерекше, тұрысы да

Жүрісі де ерекше, тұрысы да,
Қазағымның ұстанған салт-дәстүрін.
Әніменен тербелеп бар әлемді,
Көрсетпеген қайсар қыз ешбір мұңын.

Роза апам ерекше, дара әншіміз,
Жүрегі оның қазақ деп соққан мәңгі.
Тәнті етіп әлемді дауысымен,
Ән салғанда жанды жеп айтып әнді.

Қазалының тумасы дараланған,
Жағалбайлы руынан шыққан апам.
Әндеріңіз мәңгілік шырқалады,
Өлмейді деп жүрекпен мен үн қатам.





Пікір жазу