26.08.2022
  86


Автор: Жібек Ысқақова

Роза Бағланова

Күміскөмей әншіміз дараланған,
Қаһарманы халықтың аты Роза.
Қызғалдаққа теңеген шетелдіктер,
Таң қалумен алыстан қолын соза.

Дауысымен бар елді таң қалдырған,
Өзі батыл сұлу жан Роза апамыз.
Биыл міне әншінің жүз жылдығы,
Құтты болсын деп біздер үн қатамыз.

Ұмытпаймыз ешқашан Роза апаны,
Күміскөмей әнші боп есте қалар.
Қазағымның әншілері жүрегімен,
Роза апамның ерекше әнін салар.





Пікір жазу