18.08.2022
  102


Автор: Нұрлан Қалқа

Кеуер апа

Кеуерхан, Кеуер апа, асыл жан,
Елге келіп сағынышы басылған.
Он бес жаста ұзатылып күйеуге,
Тауқыметті тартқан екен жасынан.
Елу бес жыл көзден жасы сорғалап,
Елу бес жыл өткен екен жол қарап.


Əке-шеше, бауырлардан көз жазып,
(Жапа шеккен қаншама жыл, обал-ақ).
Елу бес жыл!
Құсалықпен құр өтті,
Елу бес жыл!
Қансыратты жүректі.
...Құдіреті шексіз екен Алланың,
Шын тілесең береді екен тілекті!
Елу бес жыл!
Өтті!
Келді еліне,
Туыс-туған шығарды оны төріне.
...Əкесінен таралыпты бір əулет,
Сүйсініп ол қарап тұрды бəріне!..





Пікір жазу