26.07.2022
  203


Автор: Қыдырбай Тұрмағанбетұлы

КЕЛІН МЕН КОСМЕТИКА

(сықақ)
Біздің бір келін бет-аузын
Күндіз де бояйды, түнде де бояйды.
Ал енді тірлігіне қарай қалсаң
Адам тіпті аяйды.
Бәтір-ау беті сонымен
Жүргендей ғана «тыныстап»
Немесе, денсаулығы бұзыла ма
Пайдаланбаса дұрыстап
Бірде опаны уыстап.
Екі шықшытына
Кезекпенен ұрып жатады
Бірде өмірден түңілген жандай
Кірпіктерін жұлып жатады.
Ол аз болса тағы бірде
Қас-қабағын қырып жатады.
Қысқасы азанда көрсен
Косметикасын құшақтап
Төсегінен тұрып жатады.
Ал, енді массаж деген «масқараны»
Көргің келсе, ол кешке басталады.
Екі бетті уқалайды,
Шапалақтайды, ысқылайды,
Қос қолдап қысқылайды.
Тіпті кейде қасиды...
***
Мен келіннің өзін емес
Бақытсыз болған сорлы анау
Бетіне жаным ашиды.





Пікір жазу