25.07.2022
  86


Автор: Серікбай Бердияров

Қолдағының қадірін білмегенге...

Қолдағының қадірін білмегенге,
Айтқаныңды құлаққа ілмегенге.
Жасайтының тыншына жібересін,
Қандай амал етесін үндегенде.
Санатында қайбірі біліктілер,
Білетіні дайында іліп жібер.
Саңлауына салқын су бүріксеңде,
Бір саусағын үнемі бүгіп жүрер.
Алла жарлап ағына сенім артып,
Түсінердей тірліктің жөнін артық.
Кеңдік жасап кеңіске шығарғанмен,
Кететінін білмейсін нені қарпып.
Таңды, таңда айқайлап ауыз жыртып,
Жауды, дауды тудырар жауыз құрсын
Дегеніне көнесін қайбір тұста
Тыныштықта болсалап қалың жұртым.
Өсек,аяң,әңгіме өрістейді,
Таңырқаман сенікін теріс десе
Шыдағасын шыдайсың іштен тынып,
Аспанға атып шапкіңді керіспесе.
Кеңісіңді кернеген керім өкпе
Бола берсем дейтіндей терін төкпей,
Қадіріңнің барында араңды аш.
Таза болсаң білерім төрің көкте





Пікір жазу