23.07.2022
  220


Автор: Көмек Ыбрайұлы

ҰЙҚАСЫН ТАП

Жердің қалың тоңы,
Шақырып кел ...
(«до»ны).
Қосылсын бұл күйге,
Ескертелік ...
(«ми»ге).
Аралассын биге,
Ұжымдағы ...
Бек сен қойды іре,
Үйреніп ал ...
Алыс емес тамы,
Оятыңдар ...
Шомыла ма көлге,
Айтыңдаршы ...
Деп бұл іске кінәлі,
Жазғырмаңдар ...
Алып келші Кемелді,
Салып берсін ...
Бұл не қылған күй өзі,
Жазылмаған ...
Бемоль, диез кет әрі,
Тұр ғой нота ...
Жауаптары: до, ре, ми, фа, соль, ля, си, бемоль, диез, бекар.





Пікір жазу