20.07.2022
  156


Автор: Артюр Рембо

МАСҚАРА

Қайда барса, қанжар жүред ойында,
Ойлайды ылғи жарып тастау жайында.
Бар пиғылын бір
-ақ ұрып өшірмей
Саған тыным жоқ екенін мойында.
(О, тағы да кесіп алып мұрынын,
Ерінін тіліп, жұлып алса тіл
-үнін!
Есептесең, ішін жарып, шіркін
-ай,
Түтелеп бір таптасаң ғой ұғымын!)
Сөйту керек! Мыйын шашып найзамен,
Сүйектерін уатқан жөн қайламен.
Ішектерін ылақтырып алауға,
Желге шашып мүшелерін пайдалы ең!
Иә, сөйтпей, тыншымайды бұл бала,
Барлық істің кедергісі ол
– зілғара.
Жалған айтып,
ылғи сатып сыртыңнан,
Тамағыңа былғай салад күлді ана.
Бұдан гөрі баққан артық аюды,
 Бәрін былғап...
Білмейді еш тоюды.
Дегенменен,
ол өлгенде соңынан
Ұмытпашы дұға қылып қоюды.





Пікір жазу