20.07.2022
  132


Автор: Артюр Рембо

ЖАС ЖҰП

Терезеде – көк кеңістік,
перде – көк,
Сықап жиған сандық көп.
Жоқ іште орын.
Қабырғада жүр, әнеки, өрмелеп,
Үй Елесі жалаңаштап тістерін.
Әрине, бұл әруақтардың ермегі –
Бей-берекет ескі затқа ол құмар.
Африка перизаты
төрдегі
Бұрыштарға ырымы бар тор құрар.
Кіндік шеше тұрса-дағы жақтырмай,
Кіреді де, ол қалады тығылып.
Жұпсыз кірген жас жұбайға тап мұндай
Кім сыйлайды таңғаларлық жылылық.
Жас жұбайдың жұбы жоқта үнемі
Жынды қылып бітеді ылғи жел де оны.
Су пері де секіреді, күледі,
Желпіп ашып қуыстағы пердені.
Бал айының түні қандай!
 Ұғысқан
Жымиысты жанарларда ай жанған.
Егеуқұйрық тісін қайрап бұрыштан
Мақсаттарға жеткізбейді ойға алған.
Тыныштыққа сықылданып оқ тиген,
Жарқ етпесе терезеден от нағыз, –
Вифлеем* әруақтары – ақ киген,
Көкшіл түсті сол әйнекте сақтаңыз!





Пікір жазу