20.07.2022
  131


Автор: Артюр Рембо

Ең биік мұнараның жыры

Жастығым қайран
– той құмар,
Тынымнан мүлде безіндім.
Ендігі еншім
– қайғ
ы
-зар,
Құрбаны болдым сезімнің,
Махаббат
билер
ғаламды
Көрсек қой, шіркін, заманды.
 Өзіме өзім өкпелеп:
Қараңды батыр!
– деп едім.
Алдағы күннен жоқ көмек,
Қуаныш күтпей келемін.
Оңашалықтың киесі

Күмәнсіз қонған сый

осы!
Тағы да шыдам тілейін,
Жарылсын ерін шыт
-шыт боп.
Азаптар менен Үрейім
Көкке ұшып кетсін быт
-шыт боп.
Қанша азап шекті,
Тәңірім,
Қараңғы шөлде

тамырым.
Иесіз анау даланы
Жуып еркіндік жұпары,
Арам шөптердің самалы
Еркіңді сенің жұтады.
Гүлдейді дала
– нуымен,
Жағымсыз жәндік шуымен.
Жанымның барлық байлығын
Ысырап қылдым аяусыз.
Тоналды жүрек
-айдыным,

Бір бейне бар тек
– қаяусыз.

Тазалық Тәңірін жоқтаған
Дұғалар қайда жаттаған?
Жастығым қайран
– той құмар,
Тынымнан мүлдем безіндім.
Ендігі еншім
– қайғы
-зар,
Құрбаны болдым сезімнің.
Махаббат
билер
ғаламды
Көрсек қой, шіркін, Заманды.


(Май 1872)





Пікір жазу