20.07.2022
  121


Автор: Артюр Рембо

Мамыр кестелері

Жөке ағашы бұтағын бұрап есіп,
Қалды аңшының тұншыққан ұраны өшіп.
Үйір жыры
– желдері даналықтың
Қарақаттың бүрінде тұрады есіп.
Тамырымда сақылдап қан күледі,
Сабақтарға өреді мәңгі мені,
Періште жүз көк
– сұлу,
қайнатқандай
Көксіл нұрға бозамық қына қосып.
Шығып барам бойдағы шыдам өшіп,
Жараласа жүрегім сәулесімен,
Көкке құлап, шөп болып шығам өсіп.
Жамандығым ісімді кер кетіріп,
Жалығудың бесігі тербетіліп,
Қайғылы жаз мінгізіп тұлпарына,
Кетіп барам болмысқа енді өкініп.
Жібер мені, Табиғат, жерге тығып,
Өлмеу үшін шопандар жербетілік.
Өтсін деймін шаршатып ай
-күндерім,
Қоныс қылам аштық, шөл айдын көлін.
Тойындыр да ішіндір, мейлің, дедім,
Баяғыда тоқтаған бәйгім керім.
Ешкімге де күлмеймін, қызық емес,
Еркін болсын тек қана қайғым менің.





Пікір жазу