20.07.2022
  183


Автор: Артюр Рембо

Достар

Жүр! – десе ДОС, іркілмегем,
Шарап болып бүлкілдеген
Жағаны ұрған толқындар кеп,
Мас ормандар көркімді әрлеп,
Таудан төмен солқылдар кеп,
Басылмаған өртім бар деп.
Асығыңдар, бірадарлар,
 
Жасыл шарап, сыралар бар...
Мен.
– Бұл көрініс, басы
– мұзда,
Әлдеқайда асығуда,

Тоқтамай ма қасымызға?!
Мас болудың мағынасын
Ұқпадың
-ау тағы, досым?..
Түсін сырын мастың, қарақ!
Шын мас болсам
– аштым қабақ.
Тоғандарда, жеркенішті
Көбіктердің астында қап;
Шірік ағаш арасында жатсам, шіркін, тасқын қамап!





Пікір жазу