20.07.2022
  195


Автор: Артюр Рембо

Әруақ

Мәңгіліктің Уиндинасы*, ұшқыр ең,
Тұңғұйықты өлшеп,
салшы тіс-түрен.
Тулап жатқан толқындардың үстімен,
Афродита*,
ұш кілең.
Норвегия Агасфері*,
көзең – нұр,
Қар туралы айтып берші әңгіме.
Ертегіде қуғын көрген ежелгі ұл,
Мұхит жайлы шырқашы бір әнді де.
Мен. – Сусынға да – шыттай жаңа шишасы,
Шыныдағы гүлдерге де түк те жоқ!
Шөлдеткенде көне аңыздың қисасы,
Бар салмағын біздерге кеп жүктемек.
Бұл жабайы шөлдің кіндік әкесі –
Жырау, –
тағы кептіреді аңқамды.
Жеті басты су-аждаһа сәт осы
Жылжып келіп кеміреді қаңқамды.





Пікір жазу