20.07.2022
  140


Автор: Артюр Рембо

ҚАРҒАЛАР

Қаһарлы аяз мінгенде әбден желкеге,
Күллі ғалам басып алып құлағын,
Ауылдарда өшкенде үні дұғаның;
Ұлық Ием, бұл қайғылы өлкеге,
Мынау өлі кереңдікке тас тамған –
Қарғаларды қарғысты
жаудыртшы бір аспаннан.
Аумайсыңдар қатал үнді әскерден,
Ұяларын жел талаған қайғылы.
Жыртқыш, жойқын өзендермен әйгілі,
Бейіттегі айқыштармен жас көмген,
Түн тығылған ор үстімен өтіңдер,
Жетіңдер де әрмен тағы кетіңдер!
Өлісі үнсіз француздың өлкесін
Кезіңдерші қысыменен дүркіреп,
Қалғып кеткен санамызды сілкілеп,
Жанымызды жад алауы өртесін.
Жаулап алса сол үрейлі үн көкті,
Ұмыттырмас – біздерге ұлы міндетті!
Бірақ мамыр құстарының сырлы үнін
Жібермеші өз қайғыңмен үркітіп –
Тұр оларды алаңдарда гүл күтіп. –
Сен түрші тек меңіреулер түндігін:
Өткені – өлі, болашағын қайғы алған,
Тамырлары мылқаулыққа байланған.





Пікір жазу