06.06.2022
  152


Автор: Ескен Елубаев

 Автобустың iшiнде
Спортшылар келедi,
Бəрi қанша кiсi де,
Кiм есептеп бередi?
Футболдан бiр команда,
Бокстан бiр команда,
Хоккейден бiр команда,
Волейболдан бiр команда...
Гандболдан бiр команда.
Командасымен бiр жүрген,
Жаттықтырушылар бiр-бiрден.
Дəрiгерлер бiр-бiрден,
Автобусқа бiр мiнген.
Бəрiн қосып санарда
Ұмытпаңдар шофердi.
Сонда автобус iшiнде
Қанша адам отырды?



(41 адам. 11 футболшы, 11 боксшi,
5 хоккейшi, 6 волейболшы, 7 гандболшы,
5 жаттықтырушы, 5 дəрiгер, 1 шофер)





Пікір жазу