31.05.2022
  122


Автор: Марат Нұрқалиев

Тағы да адам жоғалды

...Айтса айтқандай, келесі күнгі кеште Сопақбастың үйіне ауылдың активтері жиналды. Орталарында – Мешін милиционер. Әңгіме төркіні – баяғы...

Кенет қонақ бөлмеге ентіге кіріп келген Жылтыңқара:
– Мешін аға, завклуб қыз жоғалып кетіпті! Тансыға жиналғандар оны клубтан да, жатқан үйінен де таба алмапты! – дегенде ауылкеңес төрағасы басын ұрғылап:
– Ойе-бу-у! Бұл ауылға завқұлып құтаймайтын болды-ау! Екі жыл ішінде осымен бесіншісі безіп кетті... Мәдени маңдайымыз неден тайқы болды екен?.. – деп зар еңіреп қоя берді.
– Өзі қай жақтың баласы еді? – деп сұрады қонақтардың бірі.
– Қостанай жақтан.
– Ім, ішкі жақтан екен ғой, – деді Сопақбастың бәйбішесі салпы ерінін сылп еткізіп.
– Ағайындар, саспаңдар, – деді Мешін тісін шұқып отырып. – Әліп- тің артын бағайық, Құдайдың таңы атсын.
– Е, бәсе! Түйедей Тәйтікті тапқан Мешінжан қаршадай ғана қызға қинала қоймас... – Сопақбас әлі мәз болып отыр.





Пікір жазу