23.05.2022
  157


Автор: Әбубәкір Қайран

Жылқының түр-түсі

Малдың шетін қайырмас –
Май мен етті жемесін.
Жылқы түрін айырмас –
«Мен қазақпын» демесін.
Жылқыда көп айырма,
Балам, мұны біліп ал.
Түсі-түгін айыр да,
Ең жүйрігін мініп ал.
Түрін білсең жылқының,
Тануыңда күмән жоқ.
Екі айырып түр-түсін,
Бөлер баран, қылаң деп.
Баран жылқы мыналар:
Қара, қоңыр, жирені,
Торы, кері, құла бар,
Құбақан мен күреңі.
Қылаң жылқы мыналар:
Ақ боз, көк боз, көк, сары,
Теңбілкөкке қуанар,
Былай қойып басқаны.
Ақ-қарасы аралас
Ала жылқы – мал дара.
Шұбар жылқы шамалас
Құлан сынды аңға да.
Ең сүйікті түліктің,
Міне, осындай түр-түсі.
Адам болар жігіттің
Аман болсын жылқысы!





Пікір жазу