21.05.2022
  142


Автор: Динара Мәлік

Аппақ қар ериді ернімде...

Аппақ қар ериді ернімде,
СЕН құсап сүйісе алмайды.
Келмейді бақытқа сенгім де,
Оныңда баяны болмайды.
Аппақ қар құлайды кеудеме,
Көгершін - көңілді алдайды.
Дірілдеп тоңады гүл-дене,
СЕН құсап жылыта алмайды...
Аппақ қар арманым үзілген,
ОЛ мені аңсайды түбінде!
Бір сезім оқыдым көзімнен,
тек қана махаббат тілінде!





Пікір жазу