16.04.2022
  117


Автор: Тәкен Әлімқұлов

Қағады жігіт кақпаны

Қағады жігіт кақпаны,
Жұлқынады ит абалап.
Үйге бұл салған «аттаны»,
Келді деп ұры жағалап.
Ах, азулы овчарка,
Танымай жүрсің ұрыңды.
Жарты ғасыр жас шарқы,
Ұрың бір сұм жырынды.
Көлікке-темір өңгертіп,
Көшемен сырғып өтерде,
Еркелеткенін жөн көріп,
Табаныңды көтерме.
Өз қожаң – сенің шын ұрың,
Белгісіз жолмен байыған.
Мойныңа салып шынжырын,
Сырғызған қарғы шайыдан.
Мінберге шықса шалқайып,
Қайыспен қарнын қынаған.
Жаттанды сөзбен қартайып,
Туынды сөзді сынаған.
Бәйбішесімен ерігіп,
Дачаға кетті ол таудағы.
Балдызы үйде зерігіп,
Аңсайды биді баудағы.
Балдызға сол хабарла:
Келіп тұр абзал әріптес.
Махаббат шайқар самалда
Жарасар жасқа сауық кеш.


 





Пікір жазу