05.04.2022
  746


Автор: Жібек Ысқақова

Қырық бес келді міне қуантып

Қырық бес жас келді міне қуантып,
Жаратқаным өзіңізге жар болып.
Бар жақсысын бере берсін жаңа жас,
Бақыт сыйлап, нұрлы атар таң болып.

Әрбір көктем шаттығына бөлесін,
Жаздың жайма жадырайтын күніндей.
Білінбесін күздің қара суығы,
Аппақ қыстың ызғары жоқ күніндей.

Қырық бес жыл көктем өтті, жаз өтті,
Қырық бес жыл күз де өтіп, қыс өтті.
Екі-үш есе қайталансыз осы жас,
Абыройлы жан болып сіз құрметті...
Жібек Искакова





Пікір жазу