05.04.2022
  427


Автор: Жібек Ысқақова

45 жасыңыз құтты болсын!

Қырық бес жас есік ашты мінеки,
Жаныңызды нұрландырып жырлы етіп.
Құтты болып келген жаңа жасыңыз,
Әрбір күнді жіберсін тек гүлді етіп.

Жаныңызды тербесін тек ән мен күй,
Қырық бес жас шаттығымен тербелеп.
Жаратқаным жар боп сізге қашанда,
Ортамызда жүріңіз тек еркелеп.

Жүз жасаңыз, қиындықтар болмасын,
Бақыт, шаттық таба берсін жалғасын.
Отбасыңыз, жақыныңыз аман боп,
Бар жақсысын өзіңізге арнасын.
Жібек Искакова





Пікір жазу