03.04.2022
  243


Автор: Абдрахман Асылбек

Біздің ту

Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп
Туған елдің туына.
Жарқырайды төбеден
Ту бетінде гербіміз:
Берекеге бөлеген
Алтын астық – белгіміз.





Пікір жазу