27.02.2022
  152


Автор: Пернебай Дүйсенбин

КЕНЖЕҒАРА АТАЙ

 


(ӨМIРДIҢ ӘҢГIМЕСI)


Бiр кезде Ораз кiлт тоқтай қалды. өзi соншалықты маңғаз. Бiз ынтығып, шыдамсызданған күйдемiз.



  • Отқа түсесiңдер ме, шыдасаңдаршы! – деп жекiп те тастады. Намысымызға тиетiн-ақ сөз, бiрақ тап қазiргi сәтте оның бұл сөздерiн бастан асыруға тура келiп тұр. Шамына тисең, ол қырсығып қалады. Сондықтан бiз тосын қызықтан құр қалуға бәлендей құштар да емеспiз. Ол керек болса, бiзден сабақты төмен оқиды. Сол үшiн де әнеугүнi әкесi Оразға ефрейторлықтың өзiн азар қиған жоқ па. Дәл қазiр Болат пен Әдiлдiң не туралы ойлағанын бiлмеймiн. Ал менiң: «Осы сен де қойшы, көки бермей!» – деп қолды бiр-ақ сiлтегiм келiп тұрды. Бiрақ тентек ойдың алдын Ораздың үйден арнайы алып шыққан жалғыз картобы мен жiбiнiң құпиясы орай бердi,


«Қойшы, ерегiскенде не табам?»


Бұл ойымды Ораздың сөзi бөлiп кеттi.



  • Балалары бiзден кiшiлеу, егер қуғандай болса, ұстатпай кететiндей кiмнiң үйiн бiлесiңдер? – дедi. Бәрiмiз ойланып қалдық. Болат бәрiмiзден бұрын:

  • Мен бiлемiн, – дедi дауыстап. – Кенжеғараның үйi ше?

  • Оњо, дәл айттың, – деп қоштай кеттi Ораз. – Рас Сатан бiзден үлкендеу. Бiрақ анада клубқа кiргiзбеген қиқарлығының қарымтасын еселеп қайырудың тағы бiр сәтi түскелi тұр екен.

  • Ендеше, кеттiк, – дедiм мен қызуланып.

  • Кетсек кеттiк.


Кенжеғараның үйi көшенiң шығыс жақ шетiнде едi. Балшықтан соғылған ауласы көше жақта. Терезеден қораның iшiне түстiк. Ең соңынан Ораз кiрдi. Ол бiзден гөрi әлдеқайда етжеңдiлеу-тiн.



  • Ал, жолдас генералдар, алғашқы операциямызды бастаймыз. Әзiрсiңдер ме? – Мен оның «Жолдас генералдар» дегенiне iшiм жылып қалды. Бiздi мойындай бастағаны ғой.

  • Әзiрмiз.

  • өте жақсы.

  • Қимыл үстiнде ешқандай дыбыс шығармаймыз, күлмеймiз. Түсiнiктi ме?

  • Түсiнiктi.

  • Егер операция сәтсiз аяқталып, басқа қауiп-қатер төнген жағдайда мына терезеден бiрiншi шығатын кiм?


 



  • Әрине, сен, – дедi Болат.

  • Жоқ, олай болмайды. Командирге олай iстеу жараспайды.

  • Сонда командир сен болмақсың ба?

  • Әрине, ендi кiм деп едiң?

  • Әй, сен ефрейтор емессiң бе?

  • Е, ол әкесiнiң жай айта салғаны ғой әншейiн. Мен баяғыдан генералмын ғой. Ал сендер болсаңдар ол атақты жуырда ғана алдыңдар.

  • Жоқ, сенiң өзiңдi өзiң командир сайлап алғаныңа келiспеймiз, – дедiм мен.

  • Ал ендi кiмдi сайлаймыз? Мысалы, мына заттарды үйден алып шаққан кiм? Мен. Мұны не үшiн алып шыққанымды бiлесiңдер ме? Бiлмейсiңдер. Мұны қолданудың тәртiбiн бiлесiңдер ме? Жоқ! Ал ендi өздерiң командир сайлап ала қойыңдар ендеше… Тап осындай тар жерде дауласуға бола ма? Жоқ, болмайды. – Ораз әр сөзiн шегелеп, нық айтты. Айтқанының бәрi орынды сияқты.

  • Жарайды, бiз бағындық, сен командирсiң, – деп Әдiл кесiп бiр-ақ айтты.

  • Ал ендеше, былай. Бiрiншi Болат шығады терезеден. Екiншi – Әдiл, үшiншi – өмiр, ең соңынан өзiм, – дедi Ораз.


Мен оның бұл әдiлдiгiне iштей риза болып қалдым. Нағыз командирлер шынында да солай болуы керек қой.



  • Ал мен кеттiм! Так, картоп бар, жiп бар, кiшкене шеге бар. – Ол өзiне керек құралдарын осылай түгендеп алды.

  • Әдiл, жiп оралған ағаш шығыршық өзегiне мына сымды өткiз де, екi жағынан ұстап тұр. Мен жiптi тартқанда шығыршық еркiн айналсын, – деп тапсырды.


Ораз шам жанып тұрған терезенi бетке алып жүре бердi. Жiптiң шығыршығы зырылдап айнала бердi, айнала бердi. Үшеумiз досымыздың әр қимылын қалт етпей бақылап тұрмыз. Бiр уақытта ол терезенiң алдына барып тұрды. өте сақ, баппен қимылдайды. Әлден соң аяғының ұшымен басып керi оралды. Сөйтсек, командирiмiз картопты жiпке байлап, терезенiң үстiңгi жақтауынан салбырата iлiптi. Және шығыршық жiбiнiң бiр ұшы соған барып жалғасады екен. Бiздiң көзiмiзге бiр түстi сары перденiң бергi жағынан картоптың қарауытқан сұлбасы анық көрiнедi.



  • Ал, жолдастар, сәт сапар, бастадық операциямызды, – дедi де Ораз Әдiлдiң қолындағы жiптен тартып-тыртып қалды. Құлағымызға «дүк, дүк» еткен жұмсақ дыбыс естiлдi. Кiшiгiрiм доптай әрлi-берлi теңселген картоп терезе әйнегiне қайта-қайта соғылды.


Бiр-бiрiмiздiң бүйiрiмiздi түртiп қойып, сылқ-сылқ күлемiз. Бiр уақытта тұлымшағы желбiреген кiшкене қыз жып еткiзiп, перденi ашты да, сыртқа тесiле, ұзақ қарады. Ораз қимылын кiлт тоқтата қойды. Қыз перденi жаба салды.


Барлығымыз күлкiге тұншығып жатырмыз. Бiрақ Ораз күлмейдi.



  • Тынышталыңдар! – деп сыбырлай ескертiп қояды.


Аздан соң Ораз картопты тағы қозғай бастады. Терезенiң ар жағынан Сатанның шешесiнiң басы қараң еттi. Ораз қоя қойды. Кенжеғараның әйелi


 


сыртқа тесiле қарайды. Ашық есiктен күйеуiнiң айқайлаған үнi құлағымызға жеттi.



  • Әй, далаға шығып, кiм болса да үйге кiр десейшi.

  • Қайдам, ешкiм жоқ. Ойының осылғыр Сатан болмаса. – деген дауыстары сампылдап анық естiлдi.

  • Бұл не бәле тық-тық еткен сонда? Далада жел жоқ па? – дедi.

  • Жоқ. – Перде қайта жабылды.


Шамалы уақыт өткен соң Ораз «операцияны» қайта бастады.



  • Әй, сыртқа шықшы не де болса! Не сұмдық бұл? Сайтан ба, перi ме? Бар, шықшы! – деп гүж еткен зiлдi үн құлағымызға жеттi.

  • Ойбай-ау, қалай шығам? Масқара қып өлтiрiп кетсе, елге не бетiңдi айтасың?

  • О, құдай төбеңнен ұрғырдың жанының тәттiсiн!

  • Е, жерде жатқан жаның болса, өзiң шық, – деп әйелi шап ете қалды. Екеуi ұрыссуға бет алған секiлдi.


Бiр уақытта Кенжеғара өзiнiң зор денесiн ауыр қозғап есiктiң алдына келiп тоқтады. Бiрақ табалдырықтан берi аттаған жоқ. Тек есiктiң басын қылтитып, терезе жақты, айналаны сүзе қарады. Сыртқа шығуға батпай тұр-ау шамасы. Мен шыдай алмай, мырс етiп күлiп жiбердiм. Ораз бүйiрiмнен бiр түйдi.



  • Мысық па, не пәле, әйтеуiр осы қора жақтан бiр дыбыс шықты. Жүршi, әй, не де болса бiрге көрейiк. Анау бұрыштағы ақ сабауды ала шықшы. Сатанның қол шамы қайда? – деп самбырлай сөйлеп жүр.

  • Ал бiттiк, зытайық! – дедi командир. Болат терезеге жете бере сүрiнiп, гүрс етiп құлап түстi. Ыңқ ете қалды да, орнына түрегеле берiп, терезеге қойып кеттi. Екiншi Әдiл секiрдi. Тәртiп бойынша Әдiлдiң соңынан ала мен ұмтылдым. Қатты қарғығаным сонша, екпiнiмдi тоқтата алмай, тоңқалаң стым.


Нақ осы кезде тар терезеден өткiр жарықтың сәулесi сыртқа шашырады. Артынша жаңағы сәуле жер жұтқандай жоқ болды. Бiз терезеге кептелiп сыртқа шыға алмай жанталаса қармаланған Оразды көрiп қалдық. Артынша:


«Ойбай, өлдiм», – деген оның ащы дауысы құлағымызды жарып кете жаздады.


Мен оның қасына қалай жүгiрiп барғанымды бiлмеймiн. Әдiл мен Болат екеуi де жетiп келдi. Барған бетте оның ербеңдеп, көк қармаған қолынан жұлқи тарттым.



  • Әй, найсап, мен мысық екен десем, адамның мысығы екенсiң ғой! Мә, саған, керек болса, терезе ұрған! – деп Кенжекең май құйрықтан тарс еткiзгенде, Ораздың құлындағы даусы шықты. Бiз оны терезеден суырып алғанымызда үй иесiнiң сабау таяғы қабырғаға қайта сарт еттi. Ол кiсi бұрқылдап сөйлеп жүр.

  • Кiмнiң баласы екенiн бiлдiң бе, әй, сен? – дедi басын терезеден сыртқа шығарып жатып. Әйелi жуастау үнмен:

  • Әй, әлгi шопырдың баласы, атын ұмытып қалғанымды қарашы, – дедi.


 



  • Әй, сорлы, сенiң ұмытпайтын күнiң болар ма екен осы. Әй, есiңе түсiршi, осы дүние күйiп кетсе де, тап қазiр үйiне барып әңгiр таяқ ойнатайын! Кiм, айтшы?!

  • Осы түннiң iшiнде ме?

  • Е, қорқады деп пе ең. Құдай болса да барамын, айтшы!152

  • Қойшы ендi сен де, бүлiнiп қалған ештеңең жоқ қой. өзi жан даусы шықты ғой сорлының, сүйегi сынып қалған жоқ па? Аясаң қайтедi?! – деп әйелi кейiп сөйлеп жүр. Шалы мүлдем құтырып кеттi.

  • өй, болбыраған сорлы! Аяған адамды тапқан екенсiң. Yлкен баланың ауылда жоғын бiлiп басынып жүр ғой нәлетiлер. Әлгi бiздiң Сатан қу қайда қаңғып кеттi екен?!

  • Қойшы ендi өзеурей бермей, жүр… Көжең суып қалды…


Бiз тал тасасында тығылып тұрмыз. Ораз ендi ғана дыбыс шығарып, ыңырси бастады.



  • Ойбай, жамбасым-ай! – деп бiраз тұрды.

  • Жолдас генерал, халiңiз қалай?

  • Ей, кетшi-ей, сенiң-ақ ойының келедi де тұрады екен, – деп, Ораз ақсаңдай басып алға түсе бердi.





Пікір жазу