20.02.2022
  310


Автор: Абдрахман Асылбек

Отаным

Күн нұры елжіреп,
Аспаннан ағады.
Тұрады мөлдіреп
Жүзімдер сабағы.
Шалқыған айнала
Алтын дән айдыны.
Ақ мақта қайда да–
Даламның байлығы.
Көсілген қыраттар
Үстінде нұр тұнған.
Наз үнді бұлақтар,
Балығы бұлқынған.
Қар жапқан шыңдарын,
Тәкаппар таулары.
Күн сүйіп құм жалын,
Жайқалған баулары.
Аялап таң нұры,
Төгеді шапағын.
Осының барлығы –
Туған жер Отаным.





Пікір жазу