19.02.2022
  207


Автор: Абдрахман Асылбек

Жан дүнием

Жан дүнем ізгіліктен жаралған,
Жүрегімнен күн шуағы таралған.
Адамдарды ардақ тұтып, аялап,
Тек жақсылық жасай беру – бар арман.
Бұл өмірде не болмайды күнбе-күн,
Сәтсіздікке ұшыраса кімде-кім,
Сол заматта жетіп барып қасына,
Көмектесу – адамшылық міндетім.
Секілденіп көңілдің көк қыраны,
Әншілердің асқақтаса бір әні,
Қуанышты күйге жаным бөленіп,
Бар адамды құшқым келіп тұрады.





Пікір жазу